Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

ЖАҢАЛЫҚ А дамды қызықтыратын не оларға ықпал ететін кез келген оқиға жаңалық санатына жатады. Ағаш басына өрмелеген мысықтан бастап соғыс өртінің тұтануына дейінгінің барлығы масс медианың аудиторияға жеткізуге тұ- рарлықтай бағалы мәліметі саналуы мүмкін. Тілші жариялауға тұрарлық ақпа- ратты анықтауға және нені жариялап, нені хабарлауды іріктеуге жауапкершілік алады. Автор болса, бұл ақпаратты қабылдап және мұны хабар тарату формасы- на салуға жауапты. Мұндағы хабар тарату формасына бұқара халыққа оңтайлы кез келген медиа және электронды медиа кіреді. Арнадағы немесе үлкен станциялардағы репортерлердің жазбаларын теле- жүргізушілерге ыңғайластырып жазып беретін, штаттағы жаңалық жазумен ай- налысатын сценарий авторларын қоспағанда, репортер мен сценаристің рөлін әдетте бір адам атқарады. Репортер таспадағы дыбысқа (SOT) алдын ала түсі- рілген немесе қашықтықтан түсірілген тікелей эфир немесе студиядағы тікелей эфир арқылы, немесе компьютерленген аудиоклипке жасалған бағдарламаға сегменттер ұсынады және сценарийді өзі жазады. Кейбір кездері репортердің жазба сценарий әзірлеуге уақыты тапшы, мұндайда импровизацияның көмегіне жүгіну қажет. Ноутбук немесе өзге микротехниканы пайдалану арқылы жаңалық тарату – жас және жаңадан кірісіп келе жатқан журналистер үшін бүгінде ескірген тәсіл. Бұл жабдықтар егде жастағы журналистер үшін таптырмас құралға айналды. Репортажды ноутбукке енгізбес бұрын, оларды телефон не факс арқылы жіберу қажет. Ұялы телефондар пайда болғанға дейін репортаждың редакцияға жету жолы қиын болатын, тілші оларды жіберу үшін желілік телефон іздеуге мәжбүр еді. Ноутбук жазба оқиғаларды жариялаудың жолын түбегейлі өзгертті. Wi-Fi желісі дами түскен соң, репортерлер жұмыстарын оқиға орнынан лезде жіберу, тіпті оқиға аяқталысымен-ақ хабарлау мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса, мақала басылып не сюжет монтаждалып жатқанда өңін айналдырып, түзете беретін. Бү- гінгінің журналисі мен кезінде тікелей эфирдегі сайыстарда баспасөз қорабын- да қолмен басқарылатын жазу машинкасын тарсылдатып отыратын спорт тіл- шісінің арасы жер мен көктей. Ілгеріде репортер ойынды бастан-аяқ сипаттап, Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы ТАРАУ 5 165

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==