Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 164 Бір өңірдегі екі афроамерикалық немесе латынамерикалық радиостанция әр- түрлі аудиторияға қызмет етуі мүмкін, дәл солай ақнәсілділерге арналған екі ра- диостанция да жұмыс істей алады. 2009 жылы General Motors өз Chevrolet Camaro көлігіне қатысты YouTube -ке ор- наластырған онлайн промо-ролигін гей аудиторияға арнады. Шамадан артық стереотиптеу жарнаманы алып тастауға әкеп соқты. GM бұрынғы президенті Альфред Слоун бірде GM компаниясы «әрбіреудің қалтасы мен мақсатына сай автокөлік» жасағысы келетінін мәлімдеген еді. Camaro түрлі аудитория үшін бір- дей өнімді сатуға қанша күш-жігер жұмсап, қиындықты еңсеру керегін көрсетті. Соңғы уақытта гомофобты фанатизм бәсеңдеген соң, жұрт таргетті жарнаманы оң қабылдай бастады. Алайда таргетті аудитория ретінде кез келген белгіленген топты жеке-дара бөлу фанатизм нысаны емес пе? Афроамерикалық нарықпен айналысатын жарнама агенттіктеріне кеңес бе- ретін Black Creative Group креативті директоры Кэролайн Жонс Жоел Дрейфус- тың Washington Post -та жарияланған «Қаранәсілділер және телевизия» мақала- сында «олардың жарнамаға қаранәсілділерді тартатынын, бірақ қара жарнама жасамайтынын, бұл қаранәсілділердің өмір салты еместігін» алға тартады. Жонс ақнәсілді әйелдерге қарағанда, афроамерикалық әйелдер тамақ дайындауға көп уақыт жұмсайтынын, яғни түрлі дәмдеуіш қосып, жылдам әзірлеуге емес, дәмін кіргізуге көп ынта қоятынын көрсететін зерттеулерге сүйене отырып, афроаме- рикалықтарға бағытталған жарнама «Сіз оны бір минут ішінде дайындайсыз» деудің орнына «Сізде отбасымен өткізетін уақыт көп болады» деп айтуы керек. Айтпағым – олар өнімді не себепті пайдаланатынын, не себепті сатып алатынын ұғындыру. Олар мұны әлі зерттей қойған жоқ. Дәл осы принциптерді басқа аудиторияға да қолдануға болады және ауди- торияның әртүрлі қатынасын, өткен тарихын және өмір салтын жіті зерттейтін қаламгер өнім мен аудитория арасындағы ортақ үйлесімді дәл табады. ТАПСЫРМА 1. Қалауыңыз бойынша өнімді, телевизиялық бағдарламаны және теле- визиялық арнаны таңдаңыз. Таңдаған өніміңізге 30 секундтық жарнама сценарийін және кадрламасын жазыңыз. Әзірлеген сценарийіңізді: (1) ау- диторияны зерттеу; (2) эмоциялық және/немесе логикалық және/немесе этостық үндеулер; (3) және өзіңіз қолданған иландыру шарттары бойын- ша негіздеңіз. 2. Екі медиа арасындағы айырмашылықты ескере отырып, дәл осындай жарнама сценарийін радиоға арнап жазыңыз. 3. Дәл осындай жарнама сценарийін интернетке бейімдеп жазыңыз. 4. Ойыңызды бұрынғысынша саралай отырып, телевизия, радио және ин- тернетке бейімдеп әлеуметтік хабарлама сценарийін жазыңыз. 5. Өзіңізге жақын таныс әлеуметтік желілердің біріне арнап жарнама сцена- рийін жазыңыз. Колледж не университетіңізде телестанция, FM радиостанциясы немесе қыз- мет көрсететін станция бар болса, соларға арналған практикалық тапсырма ре- тінде алдыңғы жаттығуларды мүмкіндігінше көбірек орындауды жоспарлаңыз. Дайын жарнамаларыңызды жарнама жазу принциптері мен әдістеріне қа- тысты сыныпта ғана емес, этикалық көзқарас тұрғысынан да талқылаңыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==