Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

163 Жарнама мен хабарлама жетекші сайттар. Тағы бір айта кететіні – оқырман аясын кеңейтетін арнайы әдіс- тәсілдер бар. Колумбия журналистика мектебінің адъюнкт-профессоры және та- нымал блогер Лиз Бород Райт көптің көзайымына айналдырар блог жүргізудің 10 принципін ұсынады: ■■ Linkedln -де кәсіби мақсатыңызға қатысты блогтарды көрсетіп, профиліңізге сайтты қосып қойыңыз. ■■ Pinterest – блогерлерге арналған жаңа меже. Керемет визуалды мазмұнның әсері мықты болады. ■ ■ Сілтемені қысқартатын қызмет түрін пайдалана отырып, қанша адам және қашан көру пернесін басқаны туралы ақпарат беретін көрсеткіш жүйесін қарасаңыз болады. ■ ■ Блогыңыздың атауын пайдаланушы аты ретінде қолдану, адамдарға сізді әртүрлі жерде есте сақтауды жеңілдетеді. ■■ Facebook -тегі блогерлер тобына қосылыңыз. Топ бағыты аймақтан бастап пәндік ерекшеліктерге дейін түрленеді. ■ ■ Басқа блогерлерге жомарттық танытыңыз. Олардың контентін насихаттап отырыңыз, олар да дәл солай қайтарады. ■ ■ Көп көрсетілім жинамасаңыз да, әлеуметтік медиадан алыстамаңыз. Cонда соңғы жаңалықтардан хабардар болып отырасыз. Блогер Мұхаммед Мұстафа Ахмедзай блогқа қатысты тамаша кеңестер ұсы- нады. «Блог жүргізу... 2,2 миллиард адамнан құралған мультимәдени онлайн әлеммен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, әрбірі... сіздің не бөлісетіні- ңізді... білуге асық. Блог алдымен білім және махаббаты бөлісу үшін жасалған. Сапалы мазмұнға көбірек мән беріңіз, авторлық құқықты, оқырманыңызды құр- меттеңіз және ақшаны ғана көздейтін блогтан сырт айналып қашыңыз». ТАР ТҮСІНІК Коммерциялық жарнама авторларының бірқатары рөлдік стереотип сияқты этикалық түсініктен хабардар болса да, көпшілігі аудиторияның нақты коммер- циялық стимулдарға қатысты реакциясын анықтайтын қоғамдық топтардың ерекше сипаттарына терең үңіле бермейді. Аудиторияны зерттеу жас шамасы, жынысы, экономикалық ахуалы, білімі мен географиялық демографикасы бір- дей көрермен не тыңдарман, мысалы, біркелкі жауап береді деген тар түсініктен әрі ойлауға тиіс. Доктор Сесил Хейл, коммуникация факультетінің профессоры, Телевизия және Радио дикторларының Ұлттық қауымдастығының бұрынғы президенті, жарнама-роликтерін қоса алғанда, кез келген хабар тарату материалының тиім- ді болуы үшін сценарий авторының, диктордың және аудиторияның арасында ортақ түсіністік, бірін-бірі сезе білу деген нәрсе болуға тиіс екенін айтады. Хейл- дің пікірінше, жазушы шығарма сипаты, аудитория сипаты және оқиға сипаты арасындағы байланысты таба білуі шарт. Бір өнімнің жарнамасы әртүрлі ауди- торияға әр алуан болуы керек, себебі әр аудитория өнімді әрқалай қабылдайды. Бір этностық немесе нәсілдік топқа жататын барлық адам бірдей емес. Хейл ау- диторияның кез келген сегментін стереотипке салудан аулақ болуды ескертеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==