Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
161 Жарнама мен хабарлама marketing-ultimate-guide cілтемесімен жарияланды. Негізгі ойларының түйіні мынадай: ■ ■ Жеке аккаунтыңыз бен бизнес аккаунтыңызды жеке-жеке жүргізіңіз. Бизнес аккаунтыңыз бар болса, оған «бренд» ойлап табыңыз, сонда оқырман посттағы кез келген нәрсені өнім не қызметіңізбен байланыстыратын болады. ■ ■ Бизнеске арнап бөлек Facebook парақша ашыңыз. Парақшаңыздың атауы болашақ клиенттер іздеу жүйесінде пайдалана алатын кілтсөздерді қамтуға тиіс. Профиліңізге көз тартатын сурет қойыңыз. Пайдаланушылар бизнесіңізбен «ақпарат» деп аталатын қосымша бетте танысады, сондықтан оны мүмкіндігінше қысқа әрі әсерлі етіп жасаңыз. ■ ■ Бастапқы URL сітемеңіз есте сақтауға қиын және тартымсыз көрінетін сандар сериясы болуы мүмкін. 25 қолдаушы адам жинаған сәтте бизнес, өнім немесе қызметіңізге қатысты пайдалану атауын жаза аласыз. ■■ Facebook парақшаңызды тартымды және жанкүйерлердің назарын аударатындай етіп бейімдеңіз. ■ ■ Мұнда промоушн маңызды рөл атқарады және сізге мүмкіндігінше көбірек «лайк» жинау қажет. Ұсынып отырған өнім не қызметіңізге байланысты ортақ ой бөлісетін, қолдау білдіретін адамдарды «достарыңыздың» қатарына қосыңыз. Брендіңізді атап өткен хабарлар мен пікірлерді қадағалап отыру үшін Facebook-тің іздеу жүйесін пайдаланыңыз. Әлдебіреуден тікелей фидбәк алсаңыз, міндетті түрде жауап беріңіз. ■ ■ Парақшаңызға жаңа сурет, видео және сілтемелер қосып, жаңартып, әрі қызықты етіп отырыңыз. Тым көп, тым жиі жаңартудың да қажеті жоқ, сайттағы жарияланымдарды қайталамаңыз, мазмұнды автоматтандырмаңыз. ■ ■ Парақшаңызда кеңсеңіздегі көрнекі құралдар, өнім не қызмет, өзіңіз өткізген іс-шаралар, қызметкерлеріңіз сияқты бизнесіңізге қатысты материалмен толықтырыңыз. Жанкүйерлеріңізге жауап беру үшін видеоны пайдаланыңыз, бұрынғыАҚШпрезиденті Билл Клинтон өз парақшасын осылай жасаған болатын. ■ ■ Жанкүйерлеріңізді/клиенттеріңізді марапаттауды ұмытпаңыз: жеңілдіктер, арнайы ұсыныстар жасаңыз. Іске асырар әдістердің бірі – адал промоутерді сомдай отырып, парақшаңызда олардың атын атап, бейнесін көрсету. ■ ■ Қоғамға діттелген жаңарту жасағанда, жанкүйерлеріңізден постты достарымен бөлісуді сұрай аласыз. ■ ■ Сәтті шыққан идея мен сәтсіз шыққан дүниелерді түртіп алу үшін бәсекелестеріңіздің Facebook презентацияларын шолып отырыңыз. ■ ■ Жарнама жасауда мұқият болыңыз. Адамдардың көбі жарнамаға қарсылық білдірмеген күнде де, оны ұнататындардан ұнатпайтындар көп. ■■ Facebook парақшаңызды ашсаңыз, оның мекенжайын мейлінше көп жерде көрсетіңіз, электронды поштаңыздағы қолтаңбаға қосыңыз, әлеуметтік желі мен визит-карточкаларында көрсетіңіз. Facebook -тің арқасында жиналған адамдардың қалың бұқарасы, кейбір марке- тологтардың оны «ғажайып құнарлы ойын алаңы» деп атауына түрткі болды. Өнім не қызметке су тегін мұнша көп «лайкті» басқа ешқайдан жинай алмассыз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==