Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 160 бизнестер әлеуметтік желіні оңай қолжетімді әрі тегін қызмет ретінде бағалай- ды, сонымен қатар шағын бизнестің өміршеңдігі мен өріс алуы үшін көпшіліктің назарына түсіп, клиент тартуға жеткілікті санайды. Қарақшылық жолмен жүктелген музыканы жоюға байланысты әлеумет- тік желі сайттары, музыканы заңды түрде жүктейтін маңызды орынға айналды. MySpaceMusic және YouTube сияқты сайттар жарнама мен концерт билеттеріне, тауарға өтетін сілтемелердің көмегімен миллиондаған әндерді тегін жүктеуге мүм- кіндік береді. Әлеуметтік желі сайттары сценарий авторларына, продюсерлерге және жарнамалық ролик режиссерлеріне жаңа көкжиекке самғауға жол ашады. Facebook -ке сценарий жазуда ескерілетін негізгі қағида – тым көп сөзбұйдаға салмау. Жеке желі немесе интернет-маркетинг сияқты бизнес-мақсат Facebook -ті пайдалану себебіңізді негізге алатын ақпаратты ғана қамтиды. Көпшілікті елік- тіретін қандай элементтер қосқыңыз келеді және олар жарияланымыңызда нақ- ты, қысқа әрі анық көрініп тұр ма? Facebook сарапшысы Жим А. Циммерман бұл платформаға бейімдеп жазудың мынадай бірқатар негізгі тәсілдерін әзірледі: ■ ■ мақсатты аудиторияңызды анықтап барып жазыңыз, қажетсіз материалдарды жариялаудан аулақ болыңыз; ■ ■ оқырманды сұрақ қойып не болмаса интерактивті дискуссия тудыру арқылы тартыңыз; ■ ■ барлық топ мүшесі зейін қойып, ақпаратыңызды жұтып алады деп күтпестен, жарияланымыңызды нақты бір тұлғаға не бірнеше адамға бағыттай отырып, жеке тәсілді пайдаланыңыз. Мұның әлеуметтік желіге ғана емес, жарнамаға да қатысы бар; ■ ■ посттарыңызды сүзгіден өткізіп отырыңыз. Посттан кейін өзіңіз қалаған жауаптар келмесе, «неге бұған ешкім елең етпеді әлде жазғаным қызықты емес пе, әлде қайта жазу керек пе, не мазмұнын жаңа әдіске салу керек пе?» деген сауалдармен мәселені анықтауға тырысыңыз; ■ ■ оқырманды жоғалтпау үшін посттарыңызды жаңартып, толықтырып отырыңыз. Жазғаныңыз жануарларды құтқару жөніндегі ұйымның қолдауы болсын, қо- ғамдық театр пьесасында ойнайтын рөліңіз жайында болсын, қандай да бір кан- дидатқа дауыс беру немесе өзіңіз насихаттап отырған өнім не қызметті сатып алу керек болсын, мақсатыңыз – оқырманды баурап қана қоймай, бір әрекетке итер- мелеу. Бұл – кейінгі әрекеттер үшін фотосурет сияқты көрнекі элементтерді қосу және мүмкін болса, сілтемелерді көрсету. Ешқандай оқырманды таса қалдырма- ңыз. Негативті посттардан бойыңызды аулақ салыңыз. Позитивті болыңыз. Оқырманды постқа қызықтырудың бір жолы – тақырып. Мысалы, тастанды марғау бейнеленген сурет пен оның «Бұл марғауды кім құтқарады?» деген та- қырыбын алайық. Не болмаса той көйлегін киген бәріне жақсы таныс «досы- ңыздың» суреті мен «Мына той көйлегі Жениге шынымен жараса ма?» деген та- қырыпты алайық. Немесе « Facebook -те үздік блогер бол!» деген атауы бар кітап мұқабасын қарастырайық. Тақырып жарияланымыңыздың мазмұнына тікелей қатысты болуы шарт, оқырманның негізгі қалауы мен қажеттілігін өтеуге және оқырманды елең еткізу үшін басқа тақырыптардан өзгеше болуға тиіс. Егер өнімді немесе қызметті Facebook -те сатсаңыз, сол бойынша бұрын жарық көрген мақалалар мен кітаптар бар екені рас. Ең қысқа әрі нұсқа мәлімдеменің бірі « Facebook Marketing: Ultimate Guide » деп аталады, бастапқыда Тим Суоло жа- риялаған, кейінірек блог ретінде шыққан http://www.seomoz.org/blog/facebook-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==