Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
159 Жарнама мен хабарлама Интернет аудиторияның жарнама процесіне тікелей қатысуына мүмкіндік бе- реді. Pepsi -дің интерактивті сайты футболдан Германияда өткен әлем чемпиона- ты кезінде Герман ум-па тобының ( German oom-pah band ) ән шырқап тұрған сәтін эфирден көрсетті, дәл сол сәтте Pepsi футбол командасы ледерхозен киімін киген бишілер командасына қарсы ойнап жатты. Сайтқа кіргендер ум-па-па музыка- сына бапталған видеоларын көрермен назарына ұсыну үшін сайтқа жүктей ала- ды. Volkswagen Jetta -ны жарнамалайтын сайтта пайдаланушылардың Jetta Report сілтемесіне өтіп, қосымша ақпарат алуға мүмкіндігі бар, сондай-ақ Volkswagen пайдаланушылары туралы сауалнамаға жауап береді. 2013 жылы интернет-ұсыныстарға қатысты жаңа тәсілдер аталмыш медиум- да сценарий жазу саласының мүмкіндігін кеңейтті. Жылдар бойы бастапқы ин- тернет-тариф (интернетке жатпайтын кабельдік телевизия немесе Netflix сияқ- ты медиаресурстан бастау алмайды) сөйлейтін бастарды қоса алғанда, негізінен, бір дубльді не болмаса жалғыз камерамен түсірілген көрсетілімдерден құрал- ды. New York Times ірі медиакомпаниялар жарнама берушілерге алғаш рет «түп- нұсқа бағдарлама дайындаудың амбициялық жоспарларын» ұсына бастады, ал Yahoo және Hulu сияқты әу бастан интернет-контент шығарған компаниялар да аясы айтарлықтай кеңейген ұсыныстарын жариялады», – деп мәлімдеді. Әдет- те телевизиялық және кабельдік радиостанциялар, желілерге арнап драма мен реалити-шоу сценарийін жазудан басқа, авторлардың шоу сценарийлерін ин- тернетке де бейімдеп жазады. Мысалы, Hulu спорттық тұмарлар туралы коме- диялық-деректі сериал ұсынса, Yahoo «Пәктік жайлы Жон Стамоспен сырласу» (Your Virginity With John Stamos) бағдарламасын ұсынады, онда жүргізуші танымал жұлдыздардан алғашқы төсек қатынасы жайында сыр ақтарады. New York Times- тың тағы бір мәлімдемесіне сенсек, «жарнама берушілер қыруар ақшаны... дәс- түрлі медиумдағы жарнамадан гөрі үлкен аудитория жинайтын Facebook сияқты сайттарға аудара бастады». Интернетте жарық көретін мақалалар саны да өсе бастады, өйткені көптеген компания өз сайттарын ашуды қолға алды. Автор сайт пен сайт иесінің мүдде- сін, оның ішінде өзі көздейтін аудиторияны үнемі жадында ұстауы қажет. Сце- нарийдің мазмұны мен тілі іздеу жүйелері арқылы оңай табылатындай болуға тиіс. Өзіңізді пайдаланушының орнына қойыңыз; нақты затты іздеу үшін қандай кілтсөздерді қолданар едіңіз? Сценарийді осы кілтсөздерді анық көрінетіндей етіп жазғаныңызға толық көз жеткізіңіз. Шығармашылық дүниеңізге ерекше қызығу- шылық танытқан пайдаланушыға сценарийіңізді әсерлі ету үшін материалыңыз- дың сараптамалық сипатын аңғартатын жан-жақты зерттеу жасаңыз, бірақ ол па- рықсыз не уағыздық мәнерде болмауы керек. Бір сөзбен, жалықтырып жібермеңіз. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА Интернетте әлеуметтік желілер мен оларды пайдалану көлемінің артуы ком- мерциялық жарнаманың алып жаңа нарығына жол ашты. Соңғы жылдары жар- нама Facebook және Linkedln сияқты сайттарда, сондай-ақ Twitter сияқты блог жүр- гізуге арналған сайттарда айтарлықтай өсті. Өнімін әлеуметтік желілерге қосқан кәсіпорындар тауарға қатысты көп мәлімет жинап қана қоймай, қатарға қосыл- ған және болашақ клиенттерімен жеке тығыз байланысқа қол жеткізіп отыр. Dell, Starbucks және Comcast сияқты ірі компаниялар Twitter -ді біраз уақыттан бері пай- даланып келеді, ал дәстүрлі жарнама беруге мүмкіндігі жоқ шағын компания- лар Twitter -ді табысқа жетудің қайнар көзі ретінде көреді. Тіпті қаражаты аядай
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==