Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
15 АВТОР ТУРАЛЫ Revolution ); «Холиуд сөйлейді: шынайы әлемнің мәселелеріне наразылық білді- руге батылы жеткен кинокартиналар» ( Hollywood Speaks Out: Pictures that Dared to Protest Real World Issues ) кітаптарының авторы. Сондай-ақ ол бірнеше пьеса және «Филлипа» ( Phillipa ), «Көктеген ағаштар» ( The Greener Trees ) романдарын жазды. Оның «Үркін: Әулие Оттилиендегі ғажайып» ( Displaced: Miracle at St. Ottilien ) де- ректі фильмінде Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына таман Холо- кост нәубетін бастан кешкен мыңдаған адамның дін-аман құтқарылғаны суретте- леді. Хиллиард сол соғыста Америка жаяу әскері қатарындағы жауынгер ретінде «Күлгін жүрек» ( Purple Heart ) орденімен марапатталды. Хиллиард өз еңбектерінде әлемдік бейбітшілік, тең мүмкіндік, азаматтық әді- лет мәселелерін қозғады, АҚШ үкіметінің, индустрия мен білім беру саласының кеңесшісі болды. Әлемнің барлық құрлығында дәріс берген ол газет-журнал- дарға жүздеген мақала жазып, медианың әлеуеті мен жауапкершілігі, халық- аралық қатынас пен ағартушылыққа қосар үлесі жайында эфирден алуан түрлі пікір айтты.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==