Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 158 сымша сайттарға кіру немесе төмендегі WBUR (Бостондағы NPR радиостанция- сы) үлгісінде көрсетілгендей, басқа медианы тыңдау немесе көру секілді қандай да бір іс-әрекет жасауға сендіруі керек. Бостон университетінің WBUR-FM, NPR- дің ( National Public Radio – Ұлттық қо- ғамдық радио) Бостондағы бөлімінің веб-промоушн бойынша бұрынғы менед- жері Мэтт Остроуэр WBUR.org онлайн промоушнға қатысты көзқарасын былай білдіреді: «Біз контентті радиотолқыннан бергенде, сценарий әрдайым тыңдарманды нақты әрекет жасауға шақырумен аяқталады. Мәлімдемеңіз тыңдарманды көбірек ақпарат алу үшін сайтқа кіруге көндіретін иланымды болуға тиіс. Тыңдарман сайтқа кірген сәтте, әзірлеген мазмұнымыз тереңірек бойлап, әрі нақты тақырып бойынша бірегей мүмкіндік ұсынуға ұмтылатындықтан, сценарий реңкі де өзгереді. Мәтінде көбінесе фотосурет, видео және аудио сияқты қосымша визуалды компоненттерге арналған гиперсілтемелер көрсетіледі. Теле-радиохабар тарату игілігіне қоса, біз интернетті пайдаланушыға онлайн режимде ғана қолжетімді кеңейтілген интерактивті тәжірибе ұсынатын құрал ретінде қарастырамыз. Енді WBUR-FM -нің интернеттегі бастапқы бетін назарларыңызға ұсынамыз. Жоғарыда тұрған негізгі сілтемелерге назар аударыңыз: Форумдар, Шоу туралы мәлімет, Мұрағат, Қоғамдық радио-дүкен және Байланысқа шығу. Іздеу опция- сы да көрерменді WBUR -ді одан әрі шарлауға қызықтыра түседі. Сондай-ақ кө- рермен сүйікті бағдарламасы туралы молырақ ақпарат таба алады: оң жақтағы «Үздік он шоу» ( Top Ten Shows ) сілтемесіне зер салыңыз. Басты назар WBUR- дің «Байланыс» ( The Connection ) сұхбаттық шоуына аударылған.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==