Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 156 Алты адамнан құралған шағын әскер далада кетіп барады. Әскер жүріп бара жатқанда, Дейв N95 -іне көз тастайды. Кейбіреуі тіс батпайтын қақталған сиыр етін шайнап әлек. ДЕЙВ: Шешуші айқастардың нақты орнын табу үшін біз N95 -індегі GPS функциясын пайдаланамыз. Кадр төбеден топырлап өтетін тарихи костюмдегі бір топ адамға күрт ауысады. ДЕЙВ: Біз жаңа аймаққа кіргенде, мен жаңа карталарды бірден жүктей аламын. Кадр Дейвтің қолындағы N95 қалай карта жүктеп жатқан көрініске күрт ауысады. ДЕЙВ: Мен тіпті бұдан мықтысын көрсетейін, керек десеңіз, суретін, координатын, айқас жоспарын, жасақтың қайда қозғалып бара жатқанын көрсететін, мазмұны бай карта жасай аламын. Дэйв өз жасағын N95 телефонына суретке түсіреді де, оны телефонына жүк- тейді. ДЕЙВ: Енді, міне, өскелең ұрпақ біздің әрбір қадамымызды бұлжытпай орындауына болады. Мұның бәрі N95 -ті 1812-ден кейінгі біздің шағын экскурсиямызға рұқсат етілген жалғыз технология ретінде танытты. Дейв пен оның жасағы қала маңындағы кір жуу бөлмесінде тұр. Бәрі түк тү- сінбей, абдырап қалған. ЖОЛДАСТАРЫНЫҢ БІРІ: Сонда олардың жеңілген жері осы ма? ДЕЙВ: Негізінде, бұл сабын машинасы тұратын жер... бірақ... Жарайды жігіттер, төңіректі барлап көрейік. Бәрі жолдорбасын жерге жинайды, Дэйв үстіне N95 телефонын қояды. Каме- ра телефонның жақсы табиғи көрінісін кадрға алу үшін бері жылжиды. ТИТР: NOKIA N95 . БӘРІНЕ ЖАРАМДЫ. ДЕЙВ: Қуат көзі! Тоқта, тоқта... Дейв N95 телефонынан жауап қатады. ДЕЙВ: Сәлем. Сәлем, жаным. Иә, 5-терде үйде болуым керек... R/GA рұқсатымен ұсынылды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==