Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
155 Жарнама мен хабарлама Nokia N сериясы « GPS » видеоларын орналастыру. Басты тақырып: GPS жүйесі Дифференциация нүктесі: Әрдайым дайын GPS , Карта, гео-тег Қосымша: Телефон, фото Отыздың айналасындағы жігітті қараңызшы. Үстіндегісі – нағыз 1812 жылғы соғыста киетін киім. Ол сөйлеп тұрғанда, біз 1812 жылғы соғыстағы қайта құру қоғамын бейнелейтін кадрларға күрт көшеміз. ДЕЙВ: Армысыздар! Аты-жөнім – Дэйв Эдвардс, 1812 жылғы Қайта құру қоғамының Norwalk соғысындағы Оңтүстік бригада генералымын. Кадр N95 құралына қарап, даладан өтіп бара жатқан ДЕЙВКЕ күрт ауысады. ДЕЙВ: Біздің қоғам өзінің шынайы бейнесін мақтан тұтады. Етігіміз, қалпағымыз, киіміміздің түймесіне дейін соны әспеттейді. Ішкен асымыз да тура солардікіндей. Шығармашылық өндіріс құндылығының үлкен мәні бар. Адамдар сапа- сыз түсірілген кадрдағы әлдекімнің ақымақты шабынан бір тепкенін қы- зықтаса, бұл олар нашар шыққан жарнамаңызды одан әрі тамашалайды деген сөз емес. Егер орнықсыз, босаң тұрқы «ұялы телефонға түсірілген кадр» секілді дүниеңізді ешқандай тұжырымдамамен негіздей алмасаңыз, (егер айтулы себеп болмаса, әлгі көрініс тығырыққа тірейді), мұндай қа- дамға бармағаныңыз жөн. Онлайн-роликті қыруар ақша жұмсамай-ақ жо- ғары кәсіби деңгейде жасаудың көптеген қарапайым жолы бар. Мәселен, трайпод (штатив) – жақсы бастама. Интернеттегі роликтер бірден шапшаң таралып кете қоймайды. Вирус- тық сипат ерен еңбекпен келеді, ол – жаһанға жар салу емес. Вирус секілді, әп-cәтте таралатын нәрсе жасаудың ең оңай жолы – оның өзі-ақ «отыз руға» таралатындай етіп үлкен шеберлікпен жасау. Николсон мен Хьюз дайындаған жұмыстың бірі «1812 жылғы қайта құру» деп аталатын Nokia « GPS » онлайн жарнамасы. Сценарийді дайындаған кезде оны орындайтын ешкім бекітілмеген еді, сол себепті R/GA продакшн агенттігінің ди- ректоры Дейв Эдвардс сценарийге өз есімін қайта құру тобының көшбасшысы ретінде қосқан болатын. Жарнамадағы өнер көрсетушілер 1812 жылы Массачу- сетстен шыққан нағыз «1812 жылғы теңіз флоты гвардиясы» ( The 1812 Marine & Navy Guard ) тобы болатын және сценарий желісімен жарнама түсірілгенде, топ көшбасшысы, тарихшы Марк Хиллиард Эдвардстың есімінің орнына өз есімін көрсетті. Басқа жағдайда заманына сай, нақты тақырыпта киінетін қайта құру тобы тарихи костюмдерін сатиралық роликке орай біршама өзгертті. Әдепкі жарнамалар секілді, бұл роликтің дайын тұрған кадрламасы болған жоқ. Осы- лайша келесі беттегі сценарийге зер салсақ, онда келтірілген үзінділер – «экран- ды толтыратын бөліктер» немесе дайын роликтен алынған кадрлар сізге көрініс туралы жалпы түсінік беру үшін ұсынылып отыр.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==