Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 154 ның астарында ешқандай да нашар көркем жетекшілік не жарамсыз же- текшілік жоқ. Ақыр аяғында, дәстүрлі жарнама стандарттары интернетте қайта жанданады деп есептейміз. Олар қазірдің өзінде бар, бірақ маңызы білінбейді. Сонымен қатар әлдебір жігіт жертөлесінде жарнама түсірді деп мүләйімсу тұжырымдама қисынына келмес. Көпшіліктің тамаша идеяны ғана емес, әдемі өндірістік құндылықты да күтетіні даусыз. Осыдан шығып, бастапқы сөзімізге қайта оралайық: Hulu сияқты сайттар интернетке теле- дидарда тамашаланатын бейнелерге ұқсас дүниелерді көбірек тартатын- дықтан, коммуникацияның көрерменді үйіріп алатын тұсын табу қабіле- ті, түптеп келгенде, соңы бірдей болады. Бірақ интернетте уақыт жағынан шектелмегендіктен, коммуникацияның қаншалық танымал екенін дәл та- разылауға мүмкіндігіңіз жоқ. Жарнаманы жай ғана аз қаражатпен дайын- дау жолын табуыңыз қажет. Жарнаманың жаңа формалары, сайып келгенде, көпшілікке бір затты сату тәсілі ретінде қозғалыстағы бейненің алдын орауы мүмкін, бірақ мен фильм құдіретіне бар жан-тәніммен сенемін. Сторителлинг ешқашан құ- нын жоғалтпақ емес, асылында, ол – үлкен өнер, тіпті адамдарға қарапа- йым тіс пастасын өткізудің өзі – өнер емей немене?». Интернетке бейімдеп арнайы жарнама жасайтын бесаспап копирайтер Бен Хьюз онлайн-роликтің сценарийін жазуға қатысты мынадай бірқатар кеңес ұсынады: «Интернетке арнап сценарий жазу кезінде есте сақтайтын ең басты нәр- се – ролигіңіздің өміршеңдігін шешетін контекст. Интернет-медианың ба- сым тұсы – қолданудан бас тарту емес, қолдануға келісу... Бұл дегеніміз – адамдар көруге құмартып тұратын мазмұн жасайсыз, олар сол сәтте жа- сайтын барлық шаруасын ысырып қоятындай еміреніп тұруы керек. Бұл – қиын шаруа, бірақ болашақтың еншісі DVR мен жарнама өткізу техноло- гиясы телевизияға табан астында осыны қолданып жатыр. Тұтынушы ау- зын ашып, құлағын төсеп отыратын күндердің дәурені өтті. «Бесаспап копирайтер» өнім не қызметтің негізгі атрибуттарын көрсе- тетін жарнама жасау үшін бірқатар жарнамалық тәсілдер мен үрдістерді біріктіреді. Мұны басқа тұсынан зерделеп көріңіз: сіз cүйкімді марғаудың суретінен Hulu -ге дейінгі интернеттің ортақ жиынтығымен бәсекелесесіз. Бұл – жар- нама мен жарнаманың тайталасы емес, жарнаманың барлық нәрсемен бә- секесі. Бес миллион долларлық Суперкубок үшін сайыс болмағандықтан, оның деңгейі төмен деп ойлап қалмаңыз. Теледидар уақыт жағынан шектесе, интернетте әдетте еркін көсілесіз. Бір сәтте сіз тоқсан екі секундтық не он үш минуттық не болмаса сегіз жа- рым минуттық ролик жасай аларсыз. Бірақ бір қағиданы естен шығармаса- ңыз болғаны: әлгі сегіз жарым минут ішінде ролигіңіз қызықты әрі баурап алатындай болуы керек. Ал сол сәтте ойыңыз дұрыс шықпаса, көрермен жолынан жаңылып, зейіні басқа жаққа ауады. Ең сәтті шығатын интернет- роликтердің отыз-алпыс секундтық форматтарға бойсұнатынының өз себе- бі бар: отыз-алпыс секунд – көрерменнің көңілін аулауға жететін қисынды уақыт өлшемі, әлқиссаңызды жөнсіз созудың қажеті болмайды. Ұзақ кіріспе немесе күрделі баптаулардан аулақ болмасаңыз адамдар- дың іші пысып, көңілі басқа арнаға бұрылады. Бұл «Ғаламшарлар соғысы» ( Star Wars ) секілді ұзақ кіріспелерді тамаша- лайтын уақыт емес.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==