Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 152 Көптеген коммерциялық жарнамалардың технология тұрғысынан жетіле түсуіне байланысты аудитория назарын аудару бірінші кезекке шықты. Техни- калық жағынан тамаша дыбыс, түс және қозғалыс эффектілері бізді экран ал- дында жіпсіз байлап қою үшін көзімізді арбап, құлағымызды тұндырады. Жар- нама авторлары мен продюсерлері көптеген бағдарлама контенті жарнамалық үзіліске жиі бөлінген кезде, аудитория тоңазытқышқа не жуыну бөлмесіне жү- гірмей, орнында қалу үшін бір-бірімен тайталасады. Баурап алып, жоғалтпай ұстап тұру! Кейде иландырудың дәстүрлі кезеңдерінен өтпей-ақ, роликтің осы үдеден шыққаны жеткілікті көрінеді. Өнім немесе қызмет атауымен байланысты отыз секундтық қозғалыс, дыбыс және жарық эффектілері аудитория қара үзген- ше және жарнама аяқталғанша бітпейтіндей ұзақ көрінеді. Бірақ мына сұраққа жауап іздеп көріңізші: «Сіз жарнаманы сатып жатырсыз ба, әлде өнім сатып жа- тырсыз ба?». Креативті, көңіл көтеретін ролигіңіздің соңында аудитория: «Ролик қатты ұнады… айтпақшы, нені жарнамалаған еді?» – деп айтпауы үшін, сақ бол- ғаныңыз дұрыс. ИНТЕРНЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК Тарау басында интернет, телевизия мен радиоға арнап жарнама сценарийін жазуда айырмашылық бар екенін атап өттік. Басты мақсат – формат пен үн- деулер бірдей болғанымен, интернеттің ерекше сипаттары арнайы тәсілдер мен бейімделуді талап етеді. Телевизия мен интернетке арналған жарнамалық ро- ликтердің режиссері әрі креативті директоры Эми Николсон: «Интернеттегі жарнама әлемі – жақында ғана пайда болған құбылыс. Кең жолақты желінің біраз үйге жеткеніне екі жыл ғана уақыт өтті, бұл дәстүрлі теледидар роликтерінің калибрі және жарнамалық роликтер мен шағын фильмдерді тамашалауға мүмкіндік береді. Интернеттегі және дәстүрлі жарнаманың концептісі мен шығармашылық өндірісі арасында басты екі айырмашылық бар. Осы талқылаудың мақсатына орай, мен ин- тернеттегі жарнама түрін қозғалатын бейнемен шектемекпін. Интернетте баннерлі және қалқымалы жарнама талай күзеліп-түзелді, бірақ дәстүр- лі медиада оған сай еш параллель жоқ және интернет-серферлердің көбі оларды жағымсыз деп санайды. Интернеттегі жарнама концептісін әзірлеу Жо: Шынымды айтсам, ол консерваторлармен сөйлескен кезде, түсік жасатуға қарсы бола қалады, ал Массачусетс губернаторы мен сенаторы болу үшін сайлауға түскен кезде, түсік жасатуды қолдағаны бар. Қазір біржынысты некеге қарсымын дейді, бірақ бірнеше жыл бұрын либерал сайлаушылар алдында сол нәрсені жақтаған. Обамакейрді (Obamacare) өлгенше сынайды, ал Массачусетс губернаторы болған кезінде өзі енгізген Ромникейр (Romneycare) бағдарламасының Обамакейрден айырмасы шамалы. Баяғы теле-шоуда «нағыз Митт Ромни орнынан тұрса, өтініш» деп айтылған сөз есіңде ме, сол сияқты нәрсе ғой. Ол дауыс беруге тұра ма, тұрмай ма, мені алаңдататыны – сол.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==