Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
151 Жарнама мен хабарлама Теле-ролик: 60 Энитаундағы дәмхана, АҚШ (4-нөмір). (Фло – барда тұрған даяшы. Жо – донатпен бір шыны кофе ішіп отырған клиент). Фло: Саяси майданда қандай жаңалық болып жатыр, Жо? Жо: Кімге дауыс беретінімді шындап ойлана бастадым. Фло: Оны бәрі ойлауы керек емес пе?! Жо: Қазір өтірік көсемсіп сөйлейтін саясаткерлер қаптап кетті ғой, Фло. Кімге сенерімізді де білмей қалдық. Фло: Ромниді меңзеп тұрсыз ба? Жо: Мені не мазалайтынын біліп те тұрған боларсың. Бүгін былай десе, ертең олай дейді, бір топқа бірдеңе дейді, екіншісіне басқа бірдеңе айтады. Фло: Сонда ешқандай ұстанымы жоқ демексің бе? Сенетін адам емес пе? Жо: Олай ойлағым-ақ келмейді. Фло: Бірақ... Фло : Мектепте оқығанда, ол гей сыныптасының зәре-құтын алған. Бейн Капиталда (Bain Capital) жұмыс істегенде, мыңдаған америкалықты қарызға батырып, кедейдің кебін кигізе жаздады. Миллиондап ақша табу үшін мыңдаған жұмыс орнын шетелге берді. Итін көлігінің төбесіне шығарып, байғұс иттің өкпесі өшкенше жүздеген миль шақырым ызғытқан. Жо : Мен ойлағандай жақсы адам емес екен. Әзірге басқа кімге дауыс берерімді білмеймін, бірақ Ромниге ендігәрі дауыс бергім келмейді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==