Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 150 Теле-ролик: 60 Энитаундағы дәмхана, АҚШ (1-нөмір). (Фло – барда тұрған даяшы. Жо барда отыр, донат пен бір шыны кофе алдыртқан). Фло: Ал, Жо, осы сайлауда қай тарапқа бүйрегің бұрып тұр? Жо: Ашығын айтсам, Фло, ешқайсысының алып бара жатқан түгі жоқ, бірақ өзіме Ромни ұнайды, бірақ біресе былай, біресе олай сөйлейтін сияқты. Фло: Иә, кейбір саясаткерлер сөйтеді. Жо: Дегенмен жақсы адам сияқты. Фло : Расымен, солай ойлайсың ба? Бұған көзім жетпейді. Жо : Сонда не демексің? коммерциялық жарнамадағы секілді жоғары бағаланады, тіпті салмағы басым деуге де болады. Саяси роликтер басқа коммерциялық жарнама сияқты, эмо- циялық және этостық үндеуге ерекше көңіл бөледі. Бұл 1952 жылы Дуайт Эйзен- хауэр демократ Алдай Стивенсонға қарсы Республикалық партия билеттерінде президенттікке үміткер ретінде сайлауға түскен кезде қалыптасты. Саяси науқан басында үміткерлер роликтерді тікелей эфирден таратты және ұзақ уақыт нақ- ты мәселеге өз пікірін білдірді. Ал Республикалық партия өз үміткері үшін бір сағат уақытқа тапсырыс берген кезде, ол елдегі шешімі табылмаған мәселелерді қарастырады деген үміт болатын. Есесіне, бұл Эйзенхауэрдің балалық шағынан генерал және университет ректоры қызметіне дейінгі өмірін бейнелейтін өте жағымды суреттер мен оқиғалардан құралған өмірбаяны болып шығатын. Эмо- циялық және этостық үндеулер дауыс беруші аудиторияны иландыруда сәтті шықты. Содан бері елдегі мәселеге қарағанда, тұлғалық бейне саяси роликтің қазығына айналды. Ең ұтымды шыққан кейбір саяси роликтер драмалық форматта болды. Бұған қоса, жақында медиадан саяси науқандарда шабуыл туралы жарнамалар көрсе- тілді. Бұл – қарсы үміткерді немесе үміткерлерді теріс бейнелеуге тырысатын роликтер. Осы роликтердің көбі контекстен түсіп қалған қандай да бір мәселеге немесе атрибутқа баса назар аударады. Басқалары үміткердің бір салада біліксіз екенін көрсетеді. Кейбірі оның моральдық кемшілігін не күмән туғызар жүріс- тұрысын, кейде тіпті басына түскен дауды сипаттайды. Енді біреулері ережені бұзғанын немесе ресми тапсырманы орындай алмағанын асыра көрсетеді. Кей- бірі – жалған айыптаулар. Кейбірі шындыққа жанасады. Драмалық форматтағы шабуыл үлгілері төменде көрсетілген, бұл – 2012 жылғы президенттік науқанға арнап жазылған, бірақ эфирге шықпаған бірнеше серияның үзіндісі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==