Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

149 Жарнама мен хабарлама Алдыңғы алты сценарий авторы WGCU Бұқаралық медиа, Форт Майерс – Неаполь, Флорида ( Fort Myers-Naples, Florida) WGCU телевизиясы – 60 сағаттан астам стандартты бағдарламалар апталығына қатысатын Оңтүстік- Батыс Флорида балаларына арналған мектепке дейінгі сынып сағаттары. Сондай-ақ біз жыл сайын шеберлік сыныптарын, түрлі презентация мен экскурсиялар ұсыну үшін ондаған мектепен жұмыс істейміз. Губернатор – Рик Скотт. Флорида штаты (850) 488-7146 (850) 487-0801 (факс) Электронды пошта: http://www.flgov.com /contact-gov-scott /email-the-governor/ Мемлекеттің бізді қаржыландыруы – өте маңызды (бұл жоғарыда айтып өткен қызметтерді ұсынуымызға және PBS пен NPR -дің тамаша бағдарламаларын, сондай-ақ мәні зор жергілікті бағдарламаларды көрсетуімізге мұрындық болады). Толық ақпаратты wgcu.org сайтынан алуға болады. WGCU- дің Оңтүстік- Батыс Флоридадағы өмір сүру сапасында атқарар рөлі бойынша пікір бөліскіңіз келсе, экрандағы төменде көрсетілген нөмір бойынша Губернатор кеңсесіне хабарласа аласыз. САЯСИ РОЛИК Соңғы бірнеше онжылдықта медиа, әсіресе телевизия Америкадағы сайлау науқанының шешуші факторына айналды. Кей жағдайды есептемегенде, көбіне алдын ала сайлауға және жалпы сайлауға қатысатын үміткерлер өз сөзін теле- дидар жарнамасына қанша ақша жұмсағанымен аяқтайды. Саяси роликті ком- мерциялық жарнама деп айту ыңғайсыздау, бірақ, шын мәнінде, бұл қандай да бір үміткер тарапынан нағыз жарнаманың өзі, яғни коммерциялық жарнаманың форматтарына сүйенеді. Көптеген сайлауалды үгіт-насихат науқандары үміткердің жетістіктерін си- паттауға бағытталған және онда үміткердің осыған дейін қоғамға қосқан үлесі нақты бір сайлау округінде үлкен қызметке ұласатыны атап көрсетіледі. Тұлға- ның өкілеттігі өте жоғары бағаланады. Кей роликтер үміткердің қандай да бір өзекті мәселе бойынша пікірін баяндайды, бұл ретте әлгі пікірлер немесе жос- парлар көпшілік дауыс қалайтын іс-әрекеттермен қалай үндесетіні атап көрсеті- леді. Мұнда демографика және саяси өнімнің маңызы өнім не қызметті сататын

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==