Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
Р оберт Л. Хиллиард медиадағы мансабын спорт тілшісі ретінде бастаған, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін радиода сценарист-диктор, телеви- зияда сценарист-режиссер болып қызмет еткен. Нью-Йорк медиасын- дағы қызметінде театр, кино және телевизия сыншылығын қатар алып жүрді. Жергілікті екі колледждегі теле-радио пәніне бағдарлама дайындады. Бірінші басылымы 1962 жылы шыққан, осы кітаптың негізі болған «Сценаристер нары- ғы» ( Writer’s Market – мәтін жазуға баулитын үздік он кітаптың біріне баланады) аясында сценарий жазу курсын оқытты. 15 жылдай Вашингтондағы Федералдық коммуникация комиссиясының ( Federal Communications Commission – FCC ) Бұқаралық теле-радио бөлімін басқар- ды. 25 федералдық агенттікті біріктіретін, Ақ үйге есеп беретін Федералдық ме- кемеаралық медиа комитетінің төрағасы болды, сонымен қоса федералдық ме- диа мен білім беру топтарына басшылық етті. Хиллиард Вашингтоннан Бостонға көшті, себебі магистратура деканы, үздіксіз білім беру деканы қызметтерін, ме- диа өнерінің штаттағы профессорлығын атқарды, ал қазір Эмерсон колледжінің ( Emerson College ) құрметті профессоры. Хиллиард бакалавр дәрежесін Делавэр университетінде ( University of Delaware ), магистр дәрежесін Кейс Уестерн Резерв университетінде ( Case Western Reserve University ), PhD дәрежесін Колумбия университетінде ( Columbia University ) қорғады. Ол медиа туралы 35 том еңбек жазды, оның ішінде Майкл Кейтпен бірігіп «Хабар тарату дәуірі және айналасы: америкалық радио мен телевизияның та- рихы» ( The Broadcast Century and Beyond: A History of American Radio and Television ); «Ғаламдық теле-радио жүйесі» ( Global Broadcasting Systems ); «Ашу-ыза толқыны: Радикал оңшыл жиілігіне қосылу» ( Waves of Rancor: Tuning In the Radical Right) ; «Лас дискурс: америкалық хабар таратудағы секс һәм арсыздық» ( Dirty Discourse: Sex and Indecency in American Broadcasting ); «Баяу үн: жергілікті америкалық радио- ның өркендеуі мен құлдырауы» ( The Quieted Voice: The Rise and Demise of Localism in American Radio ) еңбектері бар. Сонымен қатар «Жанкешті америкалықтар: азаттықтан кейінгі еврейлер күресінің жалғасы» ( Surviving the Americans: The Continued Struggle of the Jews After Liberation ); «Медиа, ағартушылық және Амери- кадағы контрмәдени революция» ( Media, Education, and America’s Counter-Culture АВТОР ТУРАЛЫ
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==