Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 148 Рик Жонсон Армысыздар, мен – Рик Жонсонмын! Бас директор Флорида губернаторы мен заң шығарушы билік штатымыздың бюджетін бекіту үшін жұмыс істейтіндіктен, WGCU Бұқаралық медианың сіздерге Флорида жайында жаңалық пен ақпарат жеткізудегі маңызды рөлі туралы сөз қозғағым келіп тұр. WGCU телевизиясы–Флорида арналарының заң шығарушы билік пен Жоғарғы сот істері туралы ақпарат тарату бойынша бүкілштаттық жеткізу жүйесінің бір бөлігі. WGCU радиосы – сізді төтенше жағдай туралы құлақтандыра отырып, ресми эвакуация жолдарын хабарлайтын мемлекеттік радиостанциялар желісінің бір бөлігі. WGCU Бұқаралық медиа құлдық бойынша істі қудалауы тұрғысынан менің миссиям қандай екенін еске салды, себебі әлгі қыздың басынан өткергенін енді ешкімнің басына салмасын». Жанель: «Бұл әйелдер осында келгенде, көпшілігінің жасы 15-ке де толмаған еді, олар адам төзгісіз қиянат көрді, талай мәрте ары төгілді. Біз олардың Гватемаладағы отбасыларынан жыраққа кетіп, Мексика арқылы койотпен өтіп, Флоридаға табан тірегенде не жағдай болғанын баяндайтын оқиғаларын бір хатқа жинақтадық. Адам саудасы туралы CD дайындауға көмектескен әйелдер – Флориданың оңтүстік-батысында адам саудасында сатылған әйелдер еді». Хатты тәпсірлеуші: «Оған дауыс шығармай, ақырын кетуді бұйырды. Әйел бірге еріп кетті, бірақ бізбен бірге бөлмеде отыру үшін қайтып оралмады...» Эми: «Марта, Гватемалада сол бұрынғы 17 жастағы бойжеткен болсаң, осы әрекетке қайта барар ма едің?». Марта: «Жоқ. Әрине, жоқ. Өмір бойы сол жерде үй шаруасымен айналыссам да, мұнда аяқ баспас ем». Эми: «Люсияның анасына жазған хаты, адам саудасын тоқтату туралы өтініші. Келесі».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==