Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
147 Жарнама мен хабарлама Люсия промо-ролигі Флорида – адам саудасы жүргізілетін басты штат, мұнда, негізінен, жас әйелдер жалған уәдеге сеніп, шекара асып, құлдыққа тартылады. Мұның тамырын түбірімен жою мақсатында әйелдердің өзі аналары мен кішкентай сіңлілерінің қамын ойлап, аянып қалып жатқан жоқ. Хатты тәпсірлеуші: «Бұл елге қалай тап болғанымды көріп отырсыздар. Әйтеуір, аман қалдым, бірақ жүрегім қырық жамау. Анашым, жалынамын, кішкентай сіңлімнің мұндай саяхатты бастан өткеруіне жол бере көрмеңіз». Люсияның хаты. 12 қаңтар күні түскі уақытта және кешкі сағат 8-де Флориданың оңтүстік-батысынан берілетін WGCU–NPR -ді тыңдаңыздар. ЖАРНАМА ТАҚТАСЫ Дуг: « Оның хатын тыңдаған сәтте тұла бойыммен сезген нәрсем – соттың WGCU Сіздің дауысыңыз 104: Тәуелді : 26 промо ВИДЕО АУДИО (Көңілді музыка). ЖАСЫЛ ЭКРАН Мен – Рашель Гроссман, сіздерді ортамызға қосылуға шақырамын, тәуелділік, шын мәнінде, неден туындайтынын бірге зерделеп көрелік. Соңғы кездері алкогольге, заңсыз есірткіге, ауруды басатын дәріге аса тәуелділіктің белең алу мәселесі төңірегінде WGCU әңгіме қозғайды, тәуелді жандардың қазіргі жағдайы мен жүрек түбіндегі үмітін де талқылайды! Бейсенбі күні кешкі сағат 8-де WGCU TV -де бізге қосылыңыз. Сарапшылар мен оңалып келе жатқан тәуелді жандар өз пікірімен бөлісетін болады, студияға келіп түскен көрермен қоңырауларына жауап береді. (УАҚЫТ ТАМАМДАЛАДЫ). БҰЛ СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ... БҮГІН КЕШКІ 8-де WGCU -ТВ МЕН РАДИОСЫНДА ЖОЛЫҚҚАНША!
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==