Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 146 :60 Оқыту, көңілін көтеру және қызықтыру. Бұл – WGCU Public Media миссиясының мәні. Біздің «Зерек балалар» жобасы бәріміздің басымызды бір қауымдастыққа біріктіреді және қауымдастықты WGCU орталығымен сабақтастырады. WGCU «Зерек балалардың» отбасылық шеберханасымен бірге Ли, Колер және Шарлотт өңірлеріндегі бастауыш мектептермен де жұмыс істейді. Мақсатымыз ата-аналарға үйрету шеберханасын ұсыну. Балалардың қолынан шығатын әрі балаларға арналған «Зерек балалар» телешоуы кішкентай тұрғындарға Оңтүстік-Батыс Флориданың әр бұрышын аралатады және балаларды қоршаған әлеммен жақынырақ таныстырады. Біздің Неапольдегі «Голизано балалар музейіндегі» «Зерек балаларды дамыту» орталығы – жасөспірімдердің оқып, кемелденуі үшін керемет жер. Іргесі берік қауымдастық қалауда... барлық жастағы баланы оқытудан артық не бар. WGCU Оңтүстік-Батыс Флорида болашағының кетігін тауып, қалануға үлес қосатынын мақтан тұтады. :30 WHYS студиялық шоуына шақыру. Рос Аткинс. «Бұл – BBC -дің World Have Your Say жүргізушісі Рос Аткинс – Оңтүстік-Батыс Флорида тыңдармандарын тікелей эфирде өтетін студиялық шоуымызға шақырамыз. Біз WGCU Бұқаралық медиасында сәрсенбі күні, 13 қаңтарда студиялық шоу түсіреміз және сіздің көрермен қатарында болғаныңызды қалаймыз. Сізді жаһандық пікірталасымызға қатысуға шақырамыз... World Have Your Say -дың қалай эфирге әзірленетінін өз көзіңізбен көріңіз... және идеяларыңызды әлеммен бөлісіңіз. Орын алып қою үшін wgculive@gmail. com -ға өтіңіз немесе 239.590.2507. 1 нөміріне қоңырау шалыңыз, 13 қаңтар күні, World Have Your Say Оңтүстік-Батыс Флоридаға ат басын бұрған кезде, өзіңізбен қауышуды асыға күтеміз». және үйреткенде PBS- тегі өз сүйікті жұлдызымен кездесуге мүмкіндік сыйлайды. Іргесі берік қауымдастық құруда кез келген жастағы баланы оқытудан артық не болуы мүмкін... WGCU Оңтүстік-Батыс Флорида болашағының кетігін тауып, қалануға үлес қосатынын мақтан тұтады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==