Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

145 Жарнама мен хабарлама WGCU Бұқаралық медиа жұмысының игілігін дәлелдеу. Телесценарий: 60 Оқыту, көңілін көтеру, қызықтыру. Бұл – WGCU қорының миссиясы. «Зерек балалар» (Сurious Kids) жобасы мен Неапольдегі «Голизано балалар музейімен» серіктестігімізді мақтан тұтанымыз да сондықтан. Біздің C’Mon -дағы WGCU «Зерек балаларды дамыту» орталығы – жеткіншектерді білімге баулып, жетілдіруге арналған керемет жер. Біздің C’Mon -дағы WGCU орталығы әртүрлі жастағы балаларды оқытқанда Промо-ролик Коммерциялық емес ұйым промо-роликтері және табыс түсіруді көздейтін компания промо-роликтері деп екіге бөлінеді. Екіншісі жарнамаға жатпайды және өнім, қызмет түрін тікелей жарнамаламайды, компания туралы жақсы ой қалыптастыруды мақсат тұтады. Мұндай презентация түрлерін бұқаралық теле- радио хабарларын әзірлейтін андеррайтерлер мен корпоративтік демеушілерге арналған промо-роликтерден жиі байқаған боларсыз. Ондағы мақсат – сізге осы ұйым ұсынатын нақты өнім не қызметті сатып алу қажет болған кезде, ұйым жа- йында ой салу. Біріншісі, қоғамдық хабар тарату станцияларынан радиостанция мен оның бағдарламаларын көбіне қаражат жинау кезінде насихаттайтын про- мо-роликтер. Коммерциялық радиостанциялардан берілетін, жоғарыда аталған промо-ролик түрлеріне жатпайтын роликтер алда көрсетілетін бағдарламалар мен қызметтерді насихаттайды. Радиода істеуге ынтызар болсаңыз, радиостан- цияға арналған промо-ролик сценарийін жазуға және шығармашылық өндіріске қызығушылығыңыз артуы кәміл. Төменде Оңтүстік-Батыс Флорида жағалауындағы Флорида университетінде WGCU Public Media дайындаған және эфирге жіберген қоғамдық хабар тарату промо-роликтерінің бес үлгісі келтірілген. Промо-ролик қоғамдық хабар тара- тудың негізгі аспектілерін жақсы, мұқият жазуды білдіреді; мәселен, қоғамдық хабар таратудың негізгі миссиясымен байланысты шоуды насихаттау, балалар- ды оқыту; танымал бағдарламаны тікелей эфирден тамашалау үшін аудитория- ны радиостанция студиясына келтіре отырып, аудиториямен қарым-қатынасты жақсарту; радиостанцияның қамту аймағындағы өзекті мәселелерге қатысты бағдарламаларды насихаттайтын екі ролик және WGCU менеджері Рик Жонсон- ның қауымдастық игілігіне арналған радиостанция қызметтеріне және оны мем- лекеттік бюджетте одан әрі қаржыландыру қажеттілігіне қатысты мәлімдемесі. Қысқа, нұсқа жазу және нақтылық промо-роликтің басты белгісі екеніне мән беріңіз. Ұйым жұмысының басқа аспектілеріне нұсқайтын әдебиеттерге назар аударыңыз. Позитивті болу және жақсы ниетте болу өте маңызды. Мәселен, соң- ғы промо-роликте, менеджер Рик Жонсонның қаржылай қолдау көрсету туралы мәлімдемесінде мемлекеттік шенеуніктердің қоғамдық хабар таратуды қаржы- ландыруға келгенде енжарлық танытуы – тіпті аудитория губернаторды осындай қолдауға көндіру қажеттігін түсінген күнде де – нысанға алынбайды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==