Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 142 Дайындағандар – Лорд Желлер, Федерико, Эйнштейн, Inc. (Lord. Geller, Federico, Einstein, Inc.). Автор – Боб Сарлин, көркемдік жетекшісі – Мэтти Морант, креативті директор – Томас Мэбли. IBM рұқсатымен ұсынылды. IBM дербес компьютері. 43 Іргеңіздегі сауда нүктесін білу үшін, бізге хабарласыңыз! 44 Кейбір жарнама, шын мәнінде, шағын драмалық сериал, онда бір немесе бірнеше кейіпкер роликтің жалғасқан сериясында әртүрлі ситуацияға тап бола- ды, ал жарнама берушінің өнімі – пьесаның фокусы. Осы үлгідегі ең ұтымды әрі мінсіз жазылған жарнама ретінде Sprint PCS серияларын айтуға болады. Оқиға- ның бұрыннан келе жатқан кейіпкері түрлі жерге және түйткілді ситуацияға тап болады. Әрбір жарнамада ол еміреніп отырған көрерменге Sprint PCS мәселені қалай шешетінін көрсетеді. Драма мен юмордың тамаша үйлесіміне және осы жарнама серияларынан айқын аңғарылатын түйткілді шешудің ұйымдастыру- шылық әдісі қалай қолданылғанына зер салыңыз. Сценарийде өнім эпизодтары- ның фотосуреттері қоса берілген. SPRINT: «LEMONS/REV1/MASTER BRAND» КАДР КОТТЕДЖДІҢ СЫРТЫНДАҒЫ КӨК ШАЛҒЫНДА КАРТА ОЙНАП, ЖУРНАЛ ОҚЫП ОТЫРҒАН БЕС ӘЙЕЛДІҢ (30-ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТА ТҰСЫ) КӨРІНІСІМЕН АШЫЛАДЫ, АРАСЫНДА БРАЙАН ДА БАР. ӘЙЕЛДЕРДІҢ БІРІ ПРОБЛЕМАСЫН ТҮСІНДІРЕ БАСТАЙДЫ: 1-ӘЙЕЛ: Оны шақырам да: «Балғын лимоннан әкелші», – деп айтам... Ол әкеледі ... БІЗ КӨЛ БЕТІНДЕГІ КАНОЭДАН БІРЕУДІҢ: «КӘНЕ, МЕНІ ІШКЕ ЖІБЕР», – ДЕП АЙТҚАН ДАУСЫН ЕСТИМІЗ. БРАЙАННЫҢ ДА БАР ЕСТІГІСІ КЕЛГЕНІ ОСЫ ЕДІ. ОЛ БАСЫН ЕҢКЕЙТЕДІ, РИЧАРД СИММОНС СӨЙЛЕЙДІ: СИММОНС: Дыбысымды шығармай отырам...
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==