Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
13 АЛҒЫ СӨЗ масында кітапты мәтін ретінде алар, бірақ тараулардағы тақырыптардың кейбі- рін немесе көбісін қолданбайтынын білемін. Сондай-ақ бұл басылым нәсілдік және этностық топтарға, әйелдер мен бала- ларға және түрлі өмір салтын ұстанатын адамдарға арнап сценарий жазуға қа- тысты ұсыныстарды да қамтиды. Оқулық студенттерді өздері өмір сүретін сан түрлі мәдениетті тоғыстырған қоғам жайында молынан хабардар етеді деп се- неміз. Бұл – күллі халықтың және ұлттың қажетін, уайым-қайғысын, мақсатын айтқызбай-ақ түсінуі қажет қазіргі және болашақ кәсіби мамандар үшін маңыз- ды талап-тілек. Әлбетте, олар тиімді еңбек етіп, әлемнің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосуды мақсат тұтса болғаны. ФОРМАТ ҮЛГІЛЕРІ Соңғы жылдары реалити-шоу форматына сұраныс артты, сондай-ақ ол бағ- дарлама кестесіне ілігіп, зор танымалдыққа ие болды. Бұл басылымда реалити бағдарламасын өзге формат үлгілерімен бірге кеңінен баяндауға талпындық. Ұзаққа жалғасқан және ең танымал реалити-шоулардың бірі – «Жұлдыздармен билеу» ( Dancing With The Stars) үлкен табысқа кенелді. Сол бағдарламаның сег- менттері де осы кітапта қамтылды. БАСЫЛЫМНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ Бұл басылымда интернетке мәтін жазуға қатысты жаңа материал, соның ішін- де коммуникацияның күн санап өсіп жатқан саласы – әлеуметтік медиаға қа- тысты мағлұматтар қамтылған. Сонымен қатар конвергенция концепциясынан бөлек, интернетке салынған түрлі бағдарламаның форматына да мән беріледі. Жазудың алуан түрлі негізгі форматтары сол күйінде берілген, бірақ қисыны ке- летін әрі қажет болатын тұста, кейінгі елеулі өзгерісті көрсету үшін адамдар мен оқиғаларға сілтеме жасалған. Дегенмен есіңізде болсын, автор жазбасын баспаға табыстаған соң, кітап бір жылдан кейін ғана оқырманның қолына жетеді. Ал бір жыл ішінде медианың құбылмалы табиғаты кез келген сілтемені әп-сәтте ескір- тіп жібереді. Мұнда сценарийдің 2012 жылғы ұлттық сайлауды баяндайтын сая- си роликтер секілді жаңа түрлері кітапқа енді, сондай-ақ керемет жазудың үлгісі саналатын сценарийлер де қамтылды. АЛҒЫС СӨЗ Баспагер Майкл Розенбергке, жоба менеджері Жиотса Ойхаға, заңгер Жен- нифер Мейер Дарға және Cengage Learning қызметшілері – Эрин Боско, Келли Стриби мен Рэйчел Скуолтерге жақсы жұмыс істегені үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Контент құрастырушы Ребекка Донахьюге алғысым ерекше. Он бірінші басылымның рецензенттері – Чарльз Когарға (Астаналық қоғамдық қол- ледж), Кара Котеллесеге (Кацтаун университеті), Элизабет Фельдманға (Монт- гомери колледжі) және Барбара Кэрролл Роджерске (Мидлсекс колледжі) дән ризамын. ЖоАнн Ристің табандылығын әрі сабырлылығын бағалаймын.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==