Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 134 10 мыңнан арзан бағасы Hyundai сатып аласыз. Кез келген күн қалаңыз! 10 мыңнан кем Hyundaі бағасы! 10 мыңға жетпейді бағасы Hyundai сатып аласыз. Бүгін… әлде кез келген күн қалаңыз! 10 мыңнан кем Hyundaі бағасы! Көлік алуды қаласаңыз, Талғамға қарай таласамыз! Робинсондағы Hyundai 10 мыңнан кем бағасы-ай! Аз төлейсің, көп шығындалмай! Қолың жетсе – су жаңа Hyundai ! Ақшаңды ескі-құсқыға салдың ба? Біреудің қаңсығынан ашуыңды алдың ба! Дөңгелек, мотор, тежегіш тезірек тап – Қыруар ақша шашып, дейсің-ау – «Қап!» Орнына қайта жаңасын аласың! Жететін жеріңе қиналмай барасың ... Алаңсыз көңіл, кепілдігі тағы бар, Жүздеген мильге оңай шабасың... Кепілдікке берілген сан тарау, Жол қадірін күлімдеп жүріп табасың. Робинсондағы Hyundai 10 мыңнан кем көлігіңнің бағасы-ай! Авторы – Майк Луома, копирайтер Музыкалық клиптерде пайдаланылатын тәсілдер жас аудиторияға бағыттал- ған жарнамаға бейімделген. MTV -дің сахналық, би, поп, электронды және саунд техникалары – көптеген телевизиялық жарнамалардың түп қазығы. Broadcasting & Cable журналы аталған роликтерді былайша сипаттайды: «Сюрреалистік әрі секске бағытталған күрт ауысатын кадр, жарық жолақтары, жарқын түстер, қат- ты рок-музыкамен, оптикалық иллюзиямен және диалогтың аздығымен ерекше- ленеді». Келесі беттегі Lеvi’s жарнамасы – кадрлама емес, бас-аяғы толық ролик- тің фотосуреттер сериясы. Қазіргі музыка ырғағында ракурс, ірі план, кадрды күрт ауыстыруды қалай пайдалануға болатынына зер салыңыз. Компьютердің көпқырлы технологиялық әлеуеті көптеген интернет-жарнама модельдерін мультисенсорлық ырду-дырдуға айналдырды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==