Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 132 ВИДЕО АУДИО САУСАҚПЕН БАСЫП ЖАТҚАН САҒАТ ҚОҢЫРАУЫН ІРІ ПЛАНҒА АЛЫП КӨРСЕТУ. КАДРДЫ КЕРІЛІП-СОЗЫЛЫП ОЯНЫП ЖАТҚАН АТА-АНАҒА КҮРТ АУЫСТЫРУ. КАДРДЫ ЖАРЫҚТЫ ЖАРҚ ЕТІП ЖАҚҚАН ҚОСҚЫШҚА КҮРТ АУЫСТЫРУ. МУЗЫКА КАДРДЫ СУ АҒЫЗҒАН КРАНҒА КҮРТ АУЫСТЫРУ. Дүйсенбі, сергек сезінем. КАДРДЫ ҚОСЫЛҒАН ДУШҚА КҮРТ АУЫСТЫРУ. КАДРДЫ ЖАҢА ОЯНҒАН БАЛАҒА КҮРТ АУЫСТЫРУ. КАДРДЫ ТОСТЕРДІ ТӨМЕН БАСҚАН СӘТКЕ ТЕЗ АУЫСТЫРУ. Сейсенбі, жаңа күйге бөленем. КАДРДЫ ТОҢАЗЫТҚЫШ ТҰТҚАСЫН ЕКІ-ҮШ МӘРТЕ ТАРТҚАН СӘТІНЕ КҮРТ АУЫСТЫРУ. КАДРДЫ КОФЕПОТТЫ КОФЕМАШИНАДАН АЛҒАН СӘТКЕ КҮРТ АУЫСТЫРУ. Сәрсенбі, жеңіл сезінем. CLOROX® МАЙЛЫҒЫН CLOROX® МАЙЛЫҚ КАНИСТРІНЕН АЛЫП ЖАТҚАН КАДРДЫ ІРІ ПЛАНМЕН КӨРСЕТУ. КАДРДЫ ТОҢАЗЫТҚЫШ ТҰТҚАСЫН МАЙЛЫҚПЕН СҮРТІП ЖАТҚАН ӘЙЕЛДІҢ ҚОЛЫНА КҮРТ АУЫСТЫРУ. Саған саусағымды тиігізсем, өмір нұрлана бастайды. КӨЛІК ЕСІГІН АШЫП ЖАТҚАН ЕРКЕКТІҢ ҚОЛЫНА АУЫСУ. ЖАБЫЛҒАН ҚАҚПА ЕСІГІН ІРІ ПЛАНМЕН КЕСУ. КАДРДЫ МЕКТЕП АВТОБУСЫНЫҢ КІРЕ БЕРІС ТҰТҚАСЫНАН ШАП БЕРІП ҰСТАҒАН БАЛАҒА КҮРТ АУЫСТЫРУ. Жарнамалық роликтерге арнап шығарылған көптеген түпнұсқа әуендер та- нымал хитке айналғаны баршаға аян, дей тұрсақ та, бірсыпыра жарнамада тұ- рақты танымал поп-музыка қойылды, ән де халық санасында өніммен байланыс- ты сақталып қалғаны рас. Шын мәнінде, түпнұсқа әрі танымал музыка мұндай ассоциация тудыруда айтарлықтай тиімді болды, қалың қауым Coca-Cola неме- се McDonald’s сияқты жарнама берушіні, алдымен тақырыптық музыканың ар- қасында есте сақтап, көз алдына келтіреді, содан кейін ғана сату туралы нақты мессежбен байланыстырады. Телевизиядағы музыкалық жарнама үлгісі ретінде «Сипап басыңыз» ( Keep Touching ) деп аталатын Clorox® жинглін қарастырайық.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==