Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
131 Жарнама мен хабарлама Музыка Осыған дейін музыкалық жарнама – аудиторияны өнімді есте сақтауға үйір етудің ең тиімді әдістерінің бірі саналды. Кейбір тарихшылар Pepsi-Cola -ның бас- тапқыдағы өркен жаюы мен Coca-Cola бәсекелесі ретіндегі жетістігін 1930 жыл- дардағы « Pepsi-Cola сусағанның шөлін басады... никель, никель, никель...» музы- калық жинглімен байланыстырады. Жинглдің сәтті шығуы дәл осы жарнамалық форматтың дамуына ықпал етті. Бір кездері радио немесе теледидардан бір ән құлақ құрышыңызды қандырып, кенет әлгі әуез попса емес, жарнама екеніне кө- зіңіз жеткен сәт есіңізде ме? Продюсер Сьюзан Гамильтон Broadcasting журналында музыка әлі де эмоциялық дүние екенін қарастырды. Таспаға жазылған дыбыс секілді естілетін жарнаманы дайындауымыздың бірден-бір себебі – тыңдарманды елең еткізіп, назарын баурап алу. Радиодан жарнама беріле қалса, балалар бірден бұранданы бұрай жөнеледі деп жиі естіп жатамыз. Бірақ роликтеріңіз ән сияқты әуезді келсе, балалар бұрандаға жеткенше, олардың зейінін аулап үлгересіз. 30 секунд ВИДЕО АУДИО Бала асүйдегі үстел басында отыр. Анасы газ плитасына тағам пісіріп тұр. БАЛА: Кешкі асқа қандай тамақ, апа? Анасы үстелге бір тәрелке брокколиді « Mellowbutter » құтысымен бірге қойды. АНАСЫ: Саған арнап пайдалы нәрсе әзірлеп жатырмын. БАЛА: Ой, брокколиді суқаным сүймейді. Дәмі құрысын. MELLOWBUTTER ҚҰТЫСЫНА ЖАН БІТЕДІ ДЕ, ҚАҚПАҒЫН КӨТЕРЕДІ. MELLOWBUTTER: Бірақ май қосылғанда олай бола қоймас. БАЛА: Бұны кім айтты? MELLOWBUTTER: Мен, Mellowbutter ғой. Менен дәм ауыз ти, ұнатып қаласың. БАЛА: Ммм, білмеймін. Жарайды. БАЛА БРОККОЛИГЕ КӨБІРЕК ДӘМ КІРГІЗУ ҮШІН ҮСТІНЕ MELLOWBUTTER САРЫМАЙЫН ЖАҒАДЫ. БАЛА: О, мынау жақсы екен. АНАСЫ, БАЛА ЖӘНЕ MELLOWBUTTER ҚҰТЫСЫНЫҢ СӘУЛЕСІ. MELLOWBUTTER: Мені шпинатқа қосып көр, келесі жолы оны да ұнатып қаларсың. ЖЫМИЫП ТҰРҒАН MELLOWBUTTER ҚҰТЫСЫН ІРІ ПЛАНҒА АЛУ. ДИКТОР: Mellowbutter бәрін де дәмді етеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==