Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 130 Келесі қарапайым тұтынушының пікірі – өнімді, яғни бұл жағдайда нақты дү- кенді – әр баланың назарына жарнамалайтын және сататын радио-ролик. Эмо- циялық үндеу, отбасына деген махаббат, қалайша негізгі рөл атқаратынына зер салыңыз. «Жейми туындылары» ( Jamie’s Creations ) 1 X: 60 Бала «Аналар күнінде» мынаны оқиды. Сонымен, құлақ түр, әкеңнің осы «Аналар күнінде» жақсы көрінуіне қалай көмектесудің сырын білем. Әкеңнен «Жейми туындыларына» апаруын өтін. Осы мерекеге орай, анаңа арнап өз қолыңмен жасаған теңдессіз әрі тамаша тарту ұсына аласың. Керемет емес пе, иә? «Жейми туындыларында» жалтыраған тас, қабыршақ, керамикалық және шыны моншақтар, металл моншақтардың түр-түрі, сондай-ақ кішкентай жануарлар мен өзгеше пішіндер сияқты көздің жауын алатын керемет дүниелер бар. «Жейми туындыларында» анаңа қажет алқа, білезік, аяққа тағатын білезік жасауға керек заттарды... тіпті сым, ілмек, қармақ бау дейсің бе, көңілің қалайтын нәрсенің бәрін табасың. «Жейми туындыларында» анаңа арнап керемет дүние жасау үшін қиялыңды шарықтатуға болады. Анаңа әкеңнің Jamie’s -ке апарғанын айтсаң, сенің арқаңда әкең жақсы көрініп қалады. «Аналар күні» әне-міне дегенше келіп те қалады, сондықтан «Жейми туындыларына» бүгіннен қалмай барып, қиялыңа қанат бітір. Бұл – Миллерстаундағы Ист-Энд сауда орталығында орналасқан, Barnes and Noble іргесіндегі «Жейми туындылары». Әзіл Жыл өткен сайын әзілге деген қоғамдық көзқарас өзгереді, жарнамада кезде- сетін әзіл аралас әдістер де өзгереді. Әзіл – әрдайым назар аудартудың тиімді құралы, бірақ сәтті шыққан әзіл қазіргі әзіл-оспақ үрдістерді бейнелеуге тиіс. Өз жанынан қосып айту немесе бір жолдан тұратын арсыз әзіл – бір кездері жарна- малық әзілдің қайнар бұлағы болды, бірақ қазір орнына ойып тұрып сатира мен пародия келді. Юмор көбінесе сюжет желісі немесе кейіпкерлердің қарым-қаты- насына байланысты драматизациямен ұштастырыла пайдаланылады. Кейбір юмор біртүрлі оғаш естіледі, кейбірі жылы тиеді, енді бірі фарсқа ұла- сып жатады. Назарыңызға түрлі коммерциялық өніммен бірге берілетін әзіл тү- рін ұсынамыз. Авторы – Майк Луома, копирайтер.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==