Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
129 Жарнама мен хабарлама Атақты тұлға пікірінің орнына қатардағы ер немесе әйелден – қызметкер, үй шаруасындағы әйел, көрермен не тыңдарман өзімен теңестіретін көшедегі адам- ның пікірін сұрауға болады. Мұндай теңестірудің арқасында көрермен физика- лық, экономикалық немесе кәсіби ортада орныққан жалпыға ортақ проблеманы оңай қабылдай алады. Демек, жарнамадағы адамның айтқан шешімін шүбәсіз қабылдауға барынша дайын – демеуші өнімін, қызметін яки идеясын пайдала- нуға әзір. Төмендегі жарнама «жалпақжұрттық» тәсілді ұстанады, бірақ демеуші өнімін тікелей сатпайды. Бұл демеушінің өз еркімен әрекет етуіне жағдай жасайтын, жалпы алғанда, компанияның атауын қоғамдық санада өте жағымды етіп сақтай- тын институттық хабарлама. МЕРИЛ СТРИП СЦЕНАРИЙІ TV үшін (30 секунд) Менің балам ешқашан полиомиелит, дифтерия немесе қызылша ауруына шалдықпайды. Біз олардың емін таптық. Бірақ соңғы кездері ушығып тұрған балалар ауруының шипасы әлі табылған жоқ. Ядролық соғыс. Оның қаупі барлық аурудың қатерінен де зор. Ядролық соғыстың алдын алу туралы ақпарат алмасу үшін «Миллиондаған аналарға» (Millions of Moms) қосылыңыз. Аты-жөніңіз бен мекенжайыңызды MOM-ға жіберіңіз, пошта жәшігі B, Арлингтон, Массачусетс 02174. Сіз балалар ауруының емін табуға көмектесе аласыз. «Ядролық қарусыздану мүддесін көздеген әйелдер әрекеті білім беру қорының» рұқсатымен ұсынылды. 60 СЕКУНД, РАДИО ЕР АДАМ : Мен мас күйімде көлік жүргіздім. Ондай күйге түспес үшін қолымдағының бәрін берер ем. Мұның бәрі сауықкешінен кейін болды. Шамамды білмей, сыраны көп ішіп қойыппын. Достарым көліктің кілтін алып, мені үйге жеткізіп салмақшы болған. Бірақ ішімдік ішуден де, көлік жүргізуден де біршама тәжірибем бар еді. Бұрын қанша ұрттасам да, апатқа еш ұшырамаған едім. Бірақ осы түні бәрі басқаша болды. Он бір, он екі жас шамасындағы жеткіншек жаяужолдан шығып, кептеліске тап болды. Алкоголь әсерінен реакциям баяу болды да, дер кезінде тоқтай алмадым. Жедел жәрдем келіп үлгергенше, ол жан тапсырды. Осы үшін енді өмір бойы өзімді іштей жеп өтем. Бүгін менің сыраны тек бір-екі рет ұрттап, сап-саумын деген күннің өзінде қайта рөлге отыруым үшін оның ақысын еш өтей алмассыз. ДИКТОР: Бұл хабар сізге «Континентал Моторс корпорациясы» ( Continental Motors Corporation ) арқылы жетті.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==