Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

«Телевизия мен радиоға мәтін жазу» деп аталған бұл кітаптың алғашқы басылы- мының жарыққа шыққанына 2012 жылы 50 жыл толды. Медианың технология- лық аспектілері соңғы елу жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерісті кітаптың атауына енгізіп қана қоймай (« Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу »), технологиялық прогрестің ықпалын баяндайтын бөлімдер мен мысал- дар арқылы сипаттауға тырыстық. Әр жаңа басылым жарыққа шыққан сайын әдебиеттің таспаға түсіріле бастаған сәтінен бергі ерекшелігін аша түсуге және қайта пысықтауға тырыстық: технология талай түрленер, мың құбылар, ал ме- диаға мәтін (сценарий) жазудың қағидалары сол қалпында қала береді. Ақпарат құралдары хабар таратудың жаңа түрлеріне бейімделеді, мәселен, XX ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған телевизия драматургияның жаңа қағидала- рын ұстанады. Десек те бұл жаңа қағидалар 2000 және 5000 жыл бұрынғы Рим және грек мәдениетінде сахналанған драмалардың қағидасына сүйенді. Бұл жө- нінде «Қойылым» тарауында баяндалады. Басқа форматта, жаңа медиада жұмыс істейтін драматург пен сценарист үшін ақпаратты жеткізу тәсілі мүлде бөлек. 11-басылымда соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамыған интернеттің түрлі мүмкіндіктерін баяндауды жөн көрдік. Оның үстіне, кітаптың соңғы басылымы «Әлеуметтік медиа» деп аталған. Facebook, Linkedin, Twitter және тағы басқа әлеу- мет пікірін алмастыратын бағдарламалар миллионнан астам қолданушының назарын жаулап қана қоймай, сонымен қатар контент жағынан да кеңейе түсті. Соңғы басылымдарға жарнама роликтерін жазудың тәсілдері туралы мәлімет- тер қосқандықтан, осы жолы әлеуметтік медиаға бейімдеп жазу туралы мате- риал, соның ішінде тиімді жарнама роликтеріне сай келетін әдістерді енгізуді жөн көрдік. Бұл басылымның қай тарауында болсын, мәтін дайындау туралы сөз қозға- лады. (Мысалы, мәліметті қызық әрі тұщымды жеткізу үшін мәтінді қалай жұ- мырлауға болады?!) Маңызды ақыл-кеңесті 140 таңбаға сыйдырудың жолын табу үшін креативті ойлай білу әрі қатесіз жазу қажет. «Инквизиция/Азаптау» пьеса- сында кейіпкерлердің бірі: «Бетпе-бет сөйлесуге мүмкіндігі бола тұра, неліктен бір адам екінші адамға хабар жазуы керек? Тиімдісі де, шапшаңы да сол емес пе?» – деген сауал тастайды. Келесі бір кейіпкер мәтіндік хабар жазатындардың дені жасөспірімдер екенін, олар ауызба-ауыз сөйлескеннен гөрі, өз эгосын үн- сіз, сөзді астарлап жеткізгісі келетінін айтты. Қалай болғанда да, мәтіндік хабар Twitter мен Facebook посттары секілді, кеңінен таралған. Сол себепті бұл бағдарла- маларды тиімді қолдануға қатысты жазу тәсілдерінің маңызы айтарлықтай зор. КІТАПТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ Алғашқы басылымдар секілді, бұл басылым да кітапты қолданушылардың (колледж бен университет профессорлары, студенттер мен кәсіби мамандар) пі- кірлері мен ұсыныстарына сүйеніп жазылған. Көптеген профессор оқу бағдарла- АЛҒЫ СӨЗ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==