Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 128 Тұтынушы пікірі Қандай да бір танымал жұлдыз өнімге қатысты пікірімен бөліскенде, атақ- абырой, билік және биік талғам басты белгі саналады. Танымал жұлдыз қолда- натын өнім немесе қызметті пайдаланудан бөлек, оның дәрежесіне бір елі жа- қындаудың ең оңай жолы қандай? Әйгілі жұлдыздың пікірі ұтымды шығу үшін мазмұны мен стилі (оның ішіне локация, әрекет, диалог түрі кіреді) тұлғаның қо- ғамдық бейнесімен жақсы үйлесуі керек. Аудитория танымал жұлдыздың өнім не қызмет туралы өз айтқанына өзі имандай сенетініне көз жеткізсе игі. Жарнама балалар аудиториясына бағытталса, автор маңызды этикалық па- йымдарды ой сүзгісінен өткізуге мәжбүр. Мәселен, ойыншық не дәнді дақыл жармасы сияқты өнімді бүлдіршіндердің сүйікті тұлғасы, айталық, жарнаманы көрсететін телевизиялық бағдарламаның жүргізушісі жарнамаласа, бұл қисын- сыз әрі әділетсіз әсер қалдыруы мүмкін. Балаларды мұндай промоушнға елікті- ріп әкету оңай. Белгілі актриса Мерил Стриптің әлеуметтік жарнамадағы соғыстың алдын алу үшін жұртшылықтың қолдауын сұрайтын пікірі төменде келтірілген. Онда тікелей сату мен тұтынушы пікірі бірге пайдаланылған. Sinbad Mediterranean Restaurant/« Синбад Жерорта теңізі» мейрамханасы (грек музыкасы, су cылдырап ағып тұр). Жерорта теңізі – өркениеттің бесігі. Бұл мекенде талай империя мен мәдениет бой көтеріп, құлдыраған. Әлемдегі нағыз классикалық дәм мен тағамның, ғасырлар бойы патша, император, сұлтандар мен қарапайым жұртшылық сүйсініп жейтін астың отанына айналды. Енді «Синбад Жерортаның» классикалық дәмін Жонсвиллге әкелуде! Ливан лавашына оралған маринадталған сиыр еті, істікке шаншылған гамбургер, кафта, тауық еті, шиш-кебаб, шаурма, фалафел, ет бәліші сияқты Ливан және грек тағамдарынан дәм татыңыз... Синбадта мәзірдің түр-түрі бар, ақсерке балық, отқа қақталған тауықтың төс еті және салаттардың мол ассортименті жетіп артылады. Жаңа піскен, алуан түрлі әрі қалтаңыз көтеретін бағада... Жерорталық Жонсвиллдегі Синбадқа деміңізді ішке түйіп саяхаттап келіңіз: 7362 Independence Drive, Johnsville. (7362 Индепенденс Драйв, Жонсвилл). 555-8312-ге қоңырау шалыңыз. Авторы – Майк Луома, копирайтер. Радиоға арналған тікелей сату ролигінің үлгісі:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==