Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 120 Телевизия визуалды құрал болғандықтан, бірқатар сыншы жарнама сценари- йін қоса алғанда, барлық форматта жазатын авторлар суретпен бейнелейтін ра- дионы ұсынғанша, міндетті түрде медиумның видеоға тән қырларын пайдалану керек деп санайды. Шын мәнінде, кадрлама жарнаманың өзегі бола алады, тіпті басы бүтін қамтуы да мүмкін. Бұл өнім немесе қызмет ел арасында соншалық танымал болса, трансляциялық не анимациялық түсірілім, музыка сияқты диа- логсыз эффектілер сценарий диалогында не режиссерлік сценарийде міндетті түрде көрсетілетін өнім не қызмет атауынсыз-ақ жарнаманың әсерлі шығуына әкеледі. Жылдар бойы музыкалық жингл – радио мен телевизия жарнамасының басты өнімі саналып келді, бұл 1930 жылдардағы « Pepsi-Cola Hits the Spot ( Pepsi-Cola кез келгеннің шөлін басады)» дейтін жинглдан (бұл компанияны Coca-Cola-мен текетірес бәсекеге әкелді) кейінгі McDonald’s -тың «Сіз бүгін демалуға лайықсыз» дегеніне дейін жалғасты. 2000 жылдардың алғашқы онжылдығының екінші жар- тысында жинглдардың орнын поп-музыка басты, ол халық қалауындағы өнім- мен бірге ұсынылды. CBS теле-радио желісі Black Eyed Peas тобының « It’ s Going To Be a Great Night » әнін маусымдық промоушн пайдаланғаны есіңізде шығар. Демеушінің атын атап, түсін түстемеу тәсілі кей кездері визуалды жарнамада да қолданылады. Мысал ретінде, Pepsi ролигін алайық. PEPSI КАДРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ INNERTUBE: Pepsi бөтелкесін ішіндегі түтікшесімен бірге ашыңыз. Камера әдемі матрос қалпағы бар жағажайда тұрған сүйкімді балақайды көрсету үшін артқа шегінеді. Ол Pepsi -ді түтікшемен ішіп, қас қағым сәтте бөтелкенің түбіне түсіп кетеді. Камера жақындай түседі. Балақайдың түтікшені бар күшімен сорғаны сонша, бет әлпеті созыла бастайтынын көреміз; матрос қалпағы ішке бүгіле бастайды. Қалт еткен қозғалыстан балақай түтікшенің ішіне, содан соң бөтелкенің ішіне кіріп кетеді. Камера жағажайдағы бөтелкені көрсету үшін кері шегінеді. 1 5 2 6 3 7 4

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==