Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
4-ТАРАУ 116 рақ әрқайсысымыз ала бермейтін нәрсені әйтеуір сатып алдық, мейлі, бейсаналы түрде болсын. Мына Volkswagen жарнамасынан иландыру әрекеттерін тауып көріңіз. Есіңізде болсын, жоғарыда аталған бес қадам – жарнама құрылымын жасауда міндетті емес, жай нұсқау ғана, кейде жарнамадан бесеуін бірдей кездестірмеуіңіз мүм- кін не болмаса біреуінің астарлап, білінер-білінбес берілгенін байқайсыз. Алай- да жарнамалық роликтер мен әлеуметтік хабарламаның көпшілігінде алғашқы төрт әдіс анық көрсетіледі, ал бесінші қадам арагідік ұшырасады. КАДРЛАМА (STORYBOARD) Клиент, продюсер және клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджерлер жарнама немесе әлеуметтік хабарламаның визуалды мазмұны қандай екенін мүмкіндігінше ертерек әрі толық көргісі келеді. Негізгі идеялар анықталғаннан кейін, нақты нұсқаны жасау жазылған сөзден басталады, оның ішіне видеосце- нарий бөлігін ауызша сипаттау да кіреді. Келесі қадам – сипатталған кадрлар іс жүзінде қалай шығатынын көрсететін суреттер сериясын жасау. Кадрлама эпи- зодтағы суреттердің ретін, оптикалық эффектілерді, камера ракурстары мен қа- шықтығын, сондай-ақ декорацияны көрсетеді. Әрбір суреттің астында диалогты қамтитын, дыбыс пен музыканы көрсететін жазу (титр) болады. Кейбір кадрламаны автор сценарий нобайымен бірге алдын ала презентация- ға дайындайды. Жазушының көркемдік шеберлігіне байланысты кадрлама таяқ- шадан жасалған фигуралар сериясы сияқты қарапайым сұлбада болуы мүмкін. Ірі агенттіктерде автор кадрламаның алғашқы үлгісін әзірлейтін суретшімен бір- ге жұмыс істейді. Агенттік суретшісінің клиенттік конференцияға дайындайтын 16. (SFX) 19. (SFX) 17. (SFX) 18. (SFX) Америкалық Volkswagen үшін Doyle Dane Bernbach Inc. рұқсаты берілді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==