Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

4-ТАРАУ 114 Жарнаманы немесе хабарламаны әзірлеу Жарнама немесе хабарламаның мақсаты – иландыру. Талай риторика май- талмандары осыған дейін иландыру жүйелерін әзірлеген. Колледж студентте- рі әдетте коммуникация, бизнес немесе философияның бастапқы курстарында осындай жүйелердің әсеріне ұшырайды. Шын мәнінде, иландырудың бес қада- мы кез келген коммерциялық не әлеуметтік хабарламаға қолданылады. Біріншісі , аудиторияның назарын бұру. Бұған бірнеше жолмен қол жеткізуге болады, оның ішінде юмор, таңғалдырар тұжырым немесе көрнекі құрал, рито- рикалық сұрақ, жарқын сипаттама, тың ситуация және шым-шытырық шиеле- ніс болар. Дыбыс және цифрлық визуал эффектілер әп-сәтте назар аудартады. Теледидар тамашалаушы жарнамалық үзілісте жуыну бөлмесіне баруға, жүгіріп барып сыра әкелуге, қоңырау шалуға, тамақ әкелуге даяр екенін есте ұстаңыз. Көрермен назарын теледидар маңынан ұзамай тұрып алғашқы бірнеше секунд- та аулап үлгермесеңіз, айырылып қаласыз. Онлайн тамашалайтын көрермен де дәл осындай көңілін бұрып әкететін факторларға бейім және қалт етсе элек- тронды поштасын тексергісі келіп тұрады. Blackberry немесе ұялы телефон сияқ- ты қолданбалы мобильді құрылғылардан тамашалайтын адамдар зейіні әлденеге ауып кететін ортаға жиі тап болады. Сәл уақытқа болсын, жарнамалық роликтің қызығы кетсе, көрермен де, тыңдарман да теледидарды өшіреді не басқа арнаға ауыстырады. Диалогтық терезе түріндегі интернет жарнамалар өзгенің назарын бұрғызу үшін аса тартымды болуы керек. Мәселен, барлық жерде көзің шалатын, бірақ зейініңді еріксіз аударатын нәр- сенің бірі – интернеттегі диалогтық терезе. Бір жағынан, бұл пайдаланушының басқа мәселеге не тапсырмаға ден қоюына кедергі келтіріп, мазасын қашыруы мүмкін. Көптеген пайдаланушының нақты бір диалогтық терезелерден дегбірі қашатыны соншалық – олар сол өнім яки сервисті сатып алудан әдейі бас тар- тады. Диалогтық терезенің, шынымен-ақ, пайдасы бар ма? Жалған айтсақ, олар- дың қаптаған санына куә болар ма едік? Екіншіден , аудитория назарын аударған соң, оның қызығушылығын суытып алмаңыз. Мұнда қолданар тиімді әдістердің бірі – шағын драма құру, аудито- рияны көруге немесе тыңдауға аңсары ауатындай етіп қақтығыс тудыру. Шын мәнінде, бұл әдістің сюжеттік құрылымы пьесамен бірдей, айырмасы тек шағын драма 30 немесе 60 секундта тез өтеді. Қысқа әңгіме, тұтынушы пікірі, статистика, мысал келтіру және көзді арбайтын көрнекі әсерлер мен түрлі дыбыс – қызығу- шылықты сақтау үшін пайдаланылатын құралдар. Үшіншіден , ұсынылатын өнім не қызметтің функциясына байланысты қандай да бір проблема бар екенін көрсететін әсер қалдырыңыз. Мұны астарлы тұспал- мен не тура жеткізуге болады. Төртіншіден , мәселе нақты бір өнім не қызметті пайдаланса ғана шешіледі де- ген идея сіңіріңіз. Кейде өнім не қызмет жарнамалық роликте бірден жарқ ете қалмайды, соңғы сәтке сақталады. Бесіншіден , жарнаманы күшті эмоциялық, логикалық және/немесе этикалық үндеумен аяқтап, аудиторияны өнім немесе қызметке қатысты сатып алу тізіміне енгізу, қайырымдылыққа садақа жіберу не қажет затты бірден барып сатып алу секілді қандай да бір іс-әрекет жасауға жетелеңіз. Не болмаса, адамдар келесі рет дүкенге барғанша өнімді есінен шығармайтындай етіп алапат әсер қалдырыңыз. Көп жағдайда дереу әрекет етуге ынтықтыруға, әрине, қол жете бермейді, оның үстіне, аудитория саналы түрде жазып не ойына түртіп ала алмайды. Бі-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==