Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
113 Жарнама мен хабарлама ДИКТОР: Темекі түтінін жұту, бұл – басқа адамдар темекі шегіп тұрған бөлмеде сіз жұтатын деміңіз. Киіміңізге сіңген иіс өкпеге өтіп, өкпе обырына шалдығу қаупін 34%-ға арттырады. Темекі қорабында темекі шегетіндерге арналған ескерту белгісі бар екенін білесіз. Ал темекі түтінін жұтатын адамдарға арналған ескертпені темекі өнеркәсібі қайда жазуға тиіс деп ойлайсыз? ТИТР: Темекі тарту туралы ойды өзгертетін сәт туды. ЗАҢДЫ: Массачусетс Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарламасы. Массачусетс Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің рұқсатымен басылды. (Ер адам қызының суретін қиып отыр). ӘКЕСІ: Темекіні тартпағаным дұрыс екенін білем. Қанша рет тастауға оқталғаным Құдайға ғана аян. Өкпе обыры, инсульт, жүрек ауруы... және одан басқаларын да білем. Оның бәрі қораптың бетінде жазылып тұр. Бірақ мұның пайдасы шамалы. Әрине, қарап отырмаймын, тастауға тырысам. (Ер адам қызының суретін қораптың целлофанына салады). ӘКЕСІ: Қораптағы сөз жетеме жетпесе, бетіндегі сурет сөзсіз жеткізеді. ТИТР: 1-800–ТАСТАУҒА ТАЛПЫН нөміріне қоңырау шалыңыз. ТИТР: Темекі тарту туралы ойды өзгертетін сәт туды. ЗАҢДЫ: Массачусетс Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарламасы. Массачусетс Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің рұқсатымен басылды. ДИКТОР: Чикопидегі бірен-саран бала сауда орталығында көңіл көтеріп жүр, айнала толған көздің жауын алар дүкен, керемет түрлі тағам, сіңіп қалған темекі иісі де бар, бұл енді қуанатын жағдай емес, әрине. Бұл балаларға ұнамайды, олар не істей алады? Олар бастыққа, яғни сауда орталығының бас менеджеріне барады. Адамдармен сөйлеседі, балалармен шүйіркелеседі. Үлкен жиын, шағын жиын, үлкен мәселе көтерілді, қорытынды жасалды, аз уақыт өтті, іс жасалды. Сонымен, темекі тартуға тыйым салынған сауда орталығына қош келдік. Бірен-саран балада ой туындады. Олар шаруаны қолға алды. Олар ережені өзгертті, ал сен ше? ТИТР: Темекі тарту туралы ойды өзгертетін сәт туды. ЗАҢДЫ: Массачусетс Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарламасы. Массачусетс Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің рұқсатымен басылды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==