Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Жұтқыш экранды дайындау үшін нашар электр өткізгіш материалдар қолданылады. Электромагнита орістен қорғану үшін ең негізгі профилактикалық жұмыс — ол, электромагнита сәуле қорегі орналасқан бөлмелерде жабдықтарды талапқа сәйкес орналастыру болып табылады. Жүмысшыны сәуледен қорғау үшін жоғарғы жиілікті (ЖЖ), төменгі жиілікті (ТЖ) генераторларды орналастыру арқылы орындалуы мүмкін, және де арнайы орындарға радиохабарлағышты орнату арқылы жүзеге асыруға болады. Сәулелену көзінен экранды және жұмыс орнындағы құрылғыларды сөндіру арқылы оқшаулауға болады, ол ашық экранды жабдықтарда жұмыс істеу барысында сәуле шашуын тоқтатады. Өндірістегі жүмыс барысы кезіндегі электр өрісінің жұмыскерге рұқсаг етілетін эсер ету деңгейі және жүмыс орнында бақылау жүргізуге көрсетілген талаптар 12.1.002-84 ЕҚСЖ «Өндірістік жиіліктің электр ерісі. Жұмысшыга рұқсат етілетін деңгейі және жұмыс орнында бақылау жүргізуге көрсетілген талптар» атты қүжаттарда көрсетілген Діріл — бүл жүйенің серпіліс байланыстағы механикалық тербеліс қозғалысы. Жоғары деңгейдегі діріл адам ағзасына ұзақ мерзімдегі әсері алдын - ала шаршауға, еңбек өнімділігі нәтежиесінің төмендеуіне, ауру көздерінің туындауына, және де кәсіби паталогиялық ауру тудыратын - діріл ауруыиың пайда болуына әкеп соқтыруына мүмкіндік береді. Дірілдің адам ағзасына өту тәсілдері бойынша (діріл көзімен түйісу сипатына байланысты) келесе жолдардан түрады: - жергілікті (ықшамды), жүмысшының қолына өтуінен; - жалпы, отырған (бөкседен) және түрған (табаннан) жағдайдағы адам денесіне таяу жазықгық арқылы өтуінен. Тәжірибеде гигиеналық нормаланған жалпы діріл - жұмыс дірілі деп аталады. Өндірістік жағдайларда жергілікті және жалпы діріл бірге орын алуы мүмкін. Өндірістік діріл өзінің физикалық сипаттамасына байланысты күрделі топтарына ие болады. Спектр сипатына байланысты діріл енсіз жолақты және енді жолақты болып бөлінеді; жиіліктік қүрылымына байланысты төменгі жиілікті 8 және 16 Гц, орташа жиілікті — 31,5 және 63 Гц, жоғары жиілікті — 125, 250. 500. 1000 Гц — жергілікті діріл үшін; жүмыс орнының дірілі үшін — 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63 Гц сәйкесті. Уақыт сипаттамасына бойынша діріл бөлінеді: түрақты 1 минут аралығындағы бақылау барысында діріл жылдамдығы 2 реттен (6 дБ) кем өзгермейді; түрақсыз 1 минут аралығындағы бақылау барысында діріл жылдамдығы 2 реттен (6 дБ) кем өзгермейді. Тұрақсыз діріл өз тарапынан бөлінеді: уақытқа байланысты тербелетін, бұнда дірілжылдамдық деңгейі үзіліссіз өзгеретін болады; 95
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==