Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Жарық шамының жарқырауынан көзді қорғау үшін жарық шамының қорғаныс бұрышы қызмет корсетеді - бұрыш, колденең түрде орналасып қалыптасқан шам кеңістігі мен сызықтарга және арматураның шет жағынан өтеді. Жергілікті жарықтандыру жүмыс кеңістігін жарықтандыру үшін қолданылады және тұрақты немесе тасымалды бола алады, бүл жарықтандыруга көбінсе қыздыру сымдары бар шамдар қолайлы. Апатты жарықтандыру өндірістік кеңістікте және ашық аймақтардағы жұмыстарды жарықтандыру ажыратылған жағдайда жұмысты уақытша жүргізу үшін қолданылады (жалпы жүйемен). Лазер немесе оптикалық квантты генератор — тербеліс шағылысуды қолдануға керекті (ынталандыру) негізделген оптикалық диапазонда электромагнитгік шағылысу генераторы. Лазерлер, өзінің керемет қасиеттеріне (жоғары шүғыланың беталысына, көпхромотикалыққа) сүйене отырып өндірістің әр - түрлі аймақтарында, ғылыми, техникалық, байланыс, ауыл шаруашылығында, дәрігерлік - емдікте, биологияда және тағы басқадай жағдайларда қолданылады. Лазердің негізгі классификациясына қызмет көрсетуші түлғаға лазерлік шағылысу қауіптілігінің дәрежесі жатады. Осы лазер классификациясы бойынша төрт классқа бвлінеді: класс I (қауіпсіз) — шығыс шағылысу көзге қауіпсіз; класс II (аз қауіпті) — көзге тікелей немесе айналы шағылысқан сәулелер; класс III (орташа қауіпті) — көзге тікелей, айналы, сонымен қатар шағылысатын кеңістіктен 10 см қашықтықта диффузиялы және тікелей немесе айналы теріге шағылысқан сәулелер; класс IV (жогары қауіпті) — шағылысатын кеңістіктен 10 см қашықтықта диффузиялы шағылысқан сәуле тері үіпін өте қауіпті. Генераторланған лазерлік сәулелердің қауіптілігін бағалау дәрежесінде басқы өлшемдер ретінде қарқынды қуат, толқын үзындығы, импульс үзақтығы және шағылысу экспозициясы жатады. Шекті рүқсат ету деңгейлері, лазерді қауіпсіз құру, орналастыру және пайдалану талаптары 12.1.040-83 ЕҚСЖ «Лазерлік қауіпсіздік. Жалпы талаптар» қүжаттарындағы регламентге қауіпсіз жұмыс түрін үйымдастыру шаралары бойынша лазермен жұмыс жасау барысына қарастырылған. Бұл ережелер лазермен жүмыс жасаган жағдайларда қауіпсіздік шараларды қамтамасыз етегін жұмыстарды өңдеуге мүмкіндік береді. Санитарлық нормалар мен ережелер әрбір жұмыс тәртібіне, арнайы кесте мен үлгі бойынша оптиклық диапазон аймағына шекті рұқсат ету деңгейінің (ІІІРД) шамасын анықтауға мүмкіндІк береді. Көрінетін аймақтағы лазерлік шағылысу үшін адам көзіне арнап шағылысудың бүрыштық өлпіемдері ескеріледі. 91

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==