Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Табиғи жарықтандыру әлем жарығының көздері арқылы пайда болады, мысалы тіке күн сәулелері және аспанның дифуззиялық жарығы (күн сәулесі атмосферадан тараған). Табиғи жарықтандыру адам көзіне қолайлы жарықтың ең бағалы биологиялық түрі болып табылады. Өндірістік кеңістікте табиғи жарықтандырудың түрлері қолданылады: бүйірлік жарықгалу - терезе арқылы; жоғарғы - жарық шамдар арқылы; аралас немесе қүрамды - терезе және шам арқылы бір уақытта. Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз ғимараттарда біріктірілген жарықтандыру қолданылады. Табиғи жарықтандыру біріктірілген жарық жүйесінде үнемі немесе тұрақгы қызмет көрсете алады (табиғи жарықтандыру жеткіліксіз аймақта) немесе қараңғы түскен жағдайда қолданылады. Жасанды жарықтандыру өндірістік мекемеде қызғыш сымдары бар шамдар мен газоразрядты шамдар арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік кеңісгікте жалпы және жергілікті жарықтандыру қолданылады. Жалпы — барлық кеңістікті жарықтандыру, жергілікті (араласа жарықтармен бірге) - тек жұмыс орындарьгн немесе жабдықтар тұрған жерлерді жарықтандыру. Тікелей жергілікті жарықтандыру қолданылмайды. Көру арқылы сезу физиологиясында көру агынына ғана емес, сонымен қатар өндірістік және басқа да объектілердің жарықтандыру деңгейіне көп коңіл қажет. Көзбен кору әсері жарықтандырумен емес, жарық арқылы анықталады, ал жарық дегеніміз - жарқыраіан денені сипаттау болып табылады. Ол жарқыраған кеңістікте кез - келген бағыттағы жарық күшінің осы бағытқа перпендикуляр жазықтық ауданына қатынасымен анықталуы. Жұмыс беттерін жарыктандырудың деңгейі берілген жұмыстың түріне арналған гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес болу керек. Өндірістік жарықтьщ сапасына қатысты гигиеналық талаптарга: бөлмедегі жарықтың бірқалыптылығы және тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек; - көріп қарайтын жерде жарық көздерінің және басқа заттар сәулелерінің шағылысуы болмау керек; - өзінің спектральдық құрамы бойынша табиғи жарыққа жақын болу керек. Керу өрісіндегі жарықтың біріңғай таралуы адамның жүмыс қабілетін сақтап тұру үшін маңызы зор. Егер көру өрісінде үнемі жарқырау ерекше кезге түсетін кеңістік орналасса, онда жарығы өте үлкен кеңістіктен аз жарықтанған жерге кезді ауыстырғанда көру әсері үйреніспеушілікке ұшырайды. Мұндай жағдайлар өндірістік жұмыс үрдісіне кері әсерін тигізе отырып көру жүйесін төмендетері анық. Тым жоғары деңгейдегі жарықтандыру - біріңғай көру шартын бұзады, контрастық сезімталдықты әлсіретеді немесе осы екі жағдай бірдей орын алады. , 90
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==