Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Жабдыққа ылғалдылықтың күн радиациясының, механикалық толқулардың, температура мен қысымның төмендеуінің, жел күшінің, мұздануының және тағы да сол сияқты жағдайлардың эсер етуі нәтижесінде сенімділіктің бұзылуы мүмкін; өндірістік жабдықтардың бөлшектерін, түйіндерін және агрегаттарын дайындауға арналған материалдар қауіпті және зиянды болмауы керек. Жаңа материалдардың гигиеналық және жарылу - өртқауіпсіздігіне тексерілуі қажет; - өндірістік жабдыққа деген қауіпсіздік талаптары құрастыру сызбаларының, құрылысының қауіпсіз бөлшектерінің және тағы сол сияқты эсер ету принциптерін тавдауына, құрылысына қорғаныс құралдарының қолданылуы эргономикалық талаптардың орындалуына; қауіпсіздік талаптарының жөндеуге, пайдалануға, тасымалдауға жэне сақтауға арналған техникалық құжатқа сай қамтамасыз етіледі; - қауіп төндіретін, қозғалатын және айналатын бөліктер қоршалып тұруы керек; - жабдық елеулі шудың, ультрадыбыстың, дірілдің және де зиянды сэулелердің көзі болмауы керек, - құрылыс бөлшектері адам қатынас жасауы мүмкін бөлшектерінің ұшы, ыстық және суық беттері болмауы керек; - жабдықтың құрылысына енгізілетін жұмыс орны, жұмысшының қауіпсіздігі мен ьщғайлы жағдайларды қамтамасыз ету керек; - жабдықтың қауіпті бүлінулер туралы дабылдар жэне автоматты тоқтау жэне сендіру құралдары болуы керек; - жабдықты жылуды бөлуі жэне жұтуы, сонымен қатар оның өндірістік орындарда ылғалдылықты бөлуі, жүмыс орнындағы шекті концентрациядан аспауы керек; - өндірістік жабдықтың қүрылысы электр тогының соғуынан қорғауды, қызмет керсету тұлғаның қате қимылы кезіндегі жағдайлармен қоса алғанда қорғауды қарастыру, сонымен қатар статикалык электр тоғы зарядтарының кауіпті мөлшерде жиналып қалуын жоюы керек. Апатты сөндіру органдары қызыл түсті, оларды іздестіруді жеңілдететін бағдарларға ие жэне қол жетімді жерлерде орналастырылуы керек. Технологиялық процестің кеп түрлілігіне царамастан, олардың қауіпсіздігіне кепіл беретін кейбір жалпы талаптар: - адамның кауіпті затгармен қатынас жасауын болдырмау (бастапқы жартылай фабрикаттармен, дайын өнімдермен және өндіріс қалдықгарымен); - қауіпті жэне зиянды факторларды жою мүмкін болмаған жағдайда механикаландыруды, автоматгандыруды және кашықтықтан басқару қондырғыларын қолдану; - өндіріс жабдығының герметизациялануы;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==