Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

- жабдықтардың құрастырылуына; - өңделетін бөлшектер өлшеміне; - жабдықты жөндеу және қүрастыру шарттарына; - тасымалдаушы қүралдарының сипатына және олардың жұмыстарының қауіпті аймақтарының көлеміне; - пневмогидрожүйелерге, кабельдерге және басқа да байланыс құралдарына арналған жасырын каналдардың болуы; - жұмыс орывдарын жинаудың ыңғайлылығына және жабдықтардың басқа да жұмыстарының ерекшеліктеріне. Технологиялық жобалау нормалары мен қауіпсіздік ережелері жүмыс орындарының түрлі орындарына рұқсат береді. Бірақ адамның психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмысшының тасымалдаушы құралдарымен шулы технологиялық операциялар жағына қарап тұрғаны жөн. Бұл жағдайда ол барлығын өз бақылауында ұстап, тыныш жұмыс жасай алады. Қашыктықтан басқарылу жабдықтарына, стеллаждарға, материалдар мен бұйымдарға арналған қойма орындарын эргономика талаптарымен орналастырады. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының талаптарын орындау үшін технологтар, конструкторлар және өндіріс ұйымдастырушылары өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын, олардан қорғану қүралдары мен әдістерін білуі керек. Жабдықты технологиялар мен өндірісті ұйымдастыруды жасау кезеңінде мына тапсырмаларды орындау қажет: - қауіптіліктер мен зияндылықтарды дәлме — дәл анықтау; - технологиялық режимдер, сызбалар мен түрлі әдістер жасау арқылы және де құрастырупіы шешімдер мен өндірісті ұйымдастыру жолдарымен қауіптілік пен зияндылықты жою; - қалған зияндылықгар мен қауіптіліктерден қорғану үшін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану; - қауіпті және зиянды апатты жағдайлардың туындауы мүмкін болса, оқшаулау әдістерін алдын алу. Технологияны жобалау кезінде барлық мүмкін шаралардың түрлерін қарастыру, әрбір операция үшін қауіпті және зиянды факторларды анықтау, олардың параметрлерін және эсер ету аймағын бағалау арқылы қауіпсіздігі жоғарысын қабылдау керек. Дэл осындай әдісті технологиялық жабдықты таңдау және қүру кезінде де қолданады. Технологиялық жабдықтарды құрастыру жэне таадау кезінде үқсас оң шешім қолдану керек. Талдау нәтижесін технологиялық эдістерін, оларды орындау режимдерін, қолданылатын жабдықтарды, қүралдарды, штамптарды, жеке және үжымдық қорғау қүралдарын корсете отырып өндірістік процестің технологиялық картасы түрінде толтырады. Қауіпті және зиянды факторлар сипаттамасын, олардың эсер ету аймағын, болуы мүмкін төтенше жағдайларды, қауіпті және зиянды факторлар пайда болған жағдайдағы әрекет ету ережелері, олардың шығу 83

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==