Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
технологиялық процестер мен операцияларды кешенді механикаландыру, автоматтандыру, қашықтықтан басқаруды қолдану; - жабдықтарды герметизациялау немесе жабдықтарда жоғары немесе темен (құралдармен тексерілетін) қысым (атмосферамен салыстырғандағы) қалыптастыру; - жұмысшыларға қорғау шараларын қолдану; - басқару жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және өндірістік процестерді бақылауды ұйымдастыру, сонымен қатар ЭЕМ базасындағы ішкі және сыртқы диагностикасын автоматтандыру; - апат кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың алдын алуға бағытталған шараларды қолдану; - өндірістегі тұйық циклдағы қалдықсыз технологияны қолдану, егер ол мүмкін емес болса, онда оны уақытында жою, қалдықтарды залалсыздандыру болып табылады; - айналмалы суқұбырларын қолдану; - ЕҚСЖ мен сәйкестендірілген қауіпсіздік сигнал беру түрлері мен белгілерді қолдану; - тиімді еңбек тізбесін және демалыс күндерін біртұтастықтан, гиподинамикалардан, шамадан тыс физикалық және жүйке - психикасына эсер етудің алдын - алу, табиги сипаттағы және ауа - райына байланысты кері эсер етуі мүмкін жағдайлардан қорғау мақсатында қолдану. 3.2. Ғимаратгар мен қүрылыстардың, жабдықтар мен қүралдардың және технологиялық үрдістердіц қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз ету Машиналар, механизмдер және басқа да өндірістік жабдықтар, тасымалдауыштар, технологиялық процестер, материалдар, жұмысшылардың жеке басының және ұжымдық қорғаныс құралдары Қазақстан Республикасында орнатылған еңбекті қорғау талаптарына сай болып, соған сәйкес сертификаттарына ие болуы керек. Өндірістегі жарақаттанудың және аурудың алдын алу құрал - жабдықтьщ дұрыс орналастыруын, экономикалық есепке ала отырып жұмыс орындарын ұйымдастыру өндірістік қауіпсіз жабдық пен процестердің қолданылуын, еңбектің қауіпсіз ұйымдастырылуын, өндірістік қауіпсіздік бойыніпа басқару қызметкерінің функцияларының нақты белінуін және орындалуын талап ететін өте күрделі процесс. Цехтардағы, учаскелердегі өндірістік жабдықтарға қарсы және қиылысатын ағындардың алдын алу үшін технологиялық процесс ретімен орналастырады. Қатты шумен жэне үлкен көлемдегі қауіпті заттардың көзі болып табылатын жабдықты, негізінен белек бір бөлмеде немесе қорғаныс құралдарын қолдануға ыңгайлы аймақта орналастырған жөн. Жабдықтар арасындағы өду жолдарының ені өндіріс орындарының технологиялық жобалау нормаларына және мына парметрлерге тэуелді: 82
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==