Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
1 Техникалық тексеру әдісін жағымсыз өндірістік факторлардың қауіптілік сатысын анықтау кезінде қолданады (мысалы, ауаның шаңын тексеру, шудың деңгейін, материалдардың жанғыштығы және тағы басқалары). Бақытсыз жағдайлардың қайталануын топтық әдіспен анықтайды. Ол үшін белгілі бір уақыттағы біртекті жағдайларды топтастырады және олардың себебін меңгереді. Топографиялык, эдіс бақытсыз жағдайлардың болған орнын анықтаудан тұрады. Барлық бақытсыз жағдайлар жүйелі түрде учаскенің (цехтың) жоспарына түседі, ол аймақгардың арнайы назар аударылуы керек бөліктерін көрсетіп тұрады. Монографиялыц тексеру эдісі машинаны, техникалық процессті, жұмыс орнын, шикізатты, қоршаған ортаны детальды түрде меңгереді, потенциалды қәуіптерден және зиянкестерден сақтау үшін жүргізіледі. Бұл әдіс жарақатты және кәсіби ауруларды алдын - ала ескертуде маңызы зор болып табылады. Статистикалық тексеру әдісі ұйымдағы жарақаттану деңгейін аныктап, оларды аналогтық ұжымдағы деңгейін салыстырады. Бұл әдіс белгілі бір уақыттағы Н-1 үлгідегі акты арқылы бақытсыз жағдайларды тексеруге негізделеді. Өндірістік жабдықтар жүмысшылардың қауіпсіздігін, жөндеу (өңдеу) кезінде, пайдалану негізінде, техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, технологиялық жүйелерді жеке немесе кешенді түрде қолданған кезде қамтамасыз етілуі керек. Өндірістік жабдықтарды пайдалану кезінде қоршаған ортаны белгіленген нормадан тыс зиянды заттармен ластамауы тиіс. Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігі мыналармен қамтылуы керек: - қауіпсіз конструкция элементтерімен, жұмыс істеу принципімен конструктив™ шешімдердің таңдалуы; - механикаландыру, автоматтандыру қүрылыстарын қашықтықтан басқару және бақылау; - конструкцияда жұмысшыларды қорғау қүрылғыларын қолдану; - эргономикалық талаптарды орындау. Өндірістегі жабдықтардың қозғалыстағы болшектері қоршалған немесе жұмыспіылардьщ оларға жанаса алмайтындай орналасуы керек. Электрлік энергиямен жұмыс істейтін өндірістік жабдықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар болу керек (қоршаулар, жерлендіру, тоқ жүретін бөлшектерден сақтау және тағы басқалары). Өндірістік жабдықтардың конструкциясының элементтері, жұмысшыларды жарақаттайтындай үшкір, өткір, кескіш және тағы басқалай ыңғайсыз элементтері болмауы керек. Өндірістік жабдықтар өрттен және жарылыстан қауіпсіз болуы керек. Жабдықтар қауіпсіз жерде, дұрыс қалыпта тұру керек, ол үшін уақытында тексерілулер, бақылаулар және жөндеу жұмыстары жүргізілуі 80
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==