Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

г III. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТАЛАПТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АРНАЙЫ СУРАҚТАР 3.1. Өндірістегі жарақаттардың алдын алу негіздері Адамға оның өндірістік қызметінде қауіпті (жарақат туғызатын) және зиянды (ауруға алып келетін) өндірістік факторлар эсер етуі мүмкін. Қауіпті физикалық факторларға: қозғалыстағы машиналар мен механизмдер; әр - түрлі көтеру - тасымалдау құрылғылары және қозғалыстағы жүктер; өндіріс жабдықтарының қорғаныссыз қозғалыс элементтері (жетекті жэне берілісті механизмдер, кесу жабдықтары, айналатын және қозғалатын құрылғылар және тағы басқалары); өвделіп жатқан материалдың жэне құрал саймандардың ұшқын бөліктері; электрлік тоқ; жабдықтардың және еңделіп жатқан материалдардың сыртқы жоғары температурасы және тағы басқалары жатады. Денсаулыққа зиянды физикалық факторларға: жұмыс аймағындағы ауаның температурасының жоғары немесе төмен деңгейде болуы; шудың, дірілдің, ультрадыбыс және әр - түрлі жылудың, иондық, электромагинттік, инфрақызыл, сәулелердің деңгейден көп болуы және тағы басқалары жатады. Зиянды физикалық факторларга сонымен қатар, жұмыс аймағы ауасының шаңды немесе газды болуы; жұмыс орнына, кіріп, шығу жерлерге жарықтың жетікіліксіздігі; жарықтың тым жоғары немесе темен деігейде болуы жатады. Химиялық қауіпті жэне зиянды өндіріс факторлар адам организміне эсер етуіне байланысты мынадай топтпрға бөлінеді: жалпытоксикалық, тітіркендіргіштік, сенсибилизирлік (аллергиялық ауруларға әкелетін), консерогенді (ісіктің дамуына әкелетін), мутогенді (адамның жыныстық клеткаларына кері эсер ететін). Бұл топқа көптеген булар мен газдар, қауіпті сұйықтар (қышқылдар, сілтілер) жатады, олар тері қабатына тиген кезде химиялық күюді болдырады. Биологиялық қауіпті жэне зиянды өндірістік факторларға микроорганизмдер (бактериялар, вирустар және тағы басқалары) және макроорганизмдер (өсімдіктер мен жануарлар) жатады, олармен жұмыс кезінде жұмысшыларға жарақаттар мен аурулар туғызады. Психофизиологиялық қауіпті жэне зиянды өндірістік факторларға физикалық ауыртпалықтар (статикалық және динамикалық) және нервті- психикалық ауыртпалықтар (ойлау қабілетінің шаршауы, есту анализаторларының, көру қабілетінің шаршауы және тағы басқалары). Осы факторлардың барлығы бақытсыз жағдайдың немесе жарақат алудың себебі болуы мүмкін. Жарақат алудың жэне кәсіби аурулардың себебін тексеру кезінде келесі әдістер қолданылады: техникалық, топтық, топографикалық және монографикалық, статистикалық және экономикалық. I 79

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==