Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- өндірістегі жоғары қауіптілікті туғызу орындарының мемлекеттік органдар бақылауына алынуы туралы қажетті құжаттардың (лицензия, гигиеналық шешімдер, сертификаттар, қауіпсіздік декларациясы) болуы; - еңбекті қорғау бойынша жұмыс. орнының аттестациялануының нәтижелерімен тексеру материалдарының болуы; - еңбекті қорғау бойынша жағдайды жақсарту іс - шараларының жоспарларымен бағдарламасының сапасы және тексеруден өтуі. Бұдан басқа жұмыс сертификаты жұмыс берушінің іс - әрекетін нақтылайды. Сертификат алуда ең негізгі көңіл аударатын нәрсе - мекеме жұмысшыларының жаракат алуы, оның бөлімдеріндегі кәсіптік аурулардың деңгейі. Осыған байланысты жұмысшылардың жарақат алуы т.б бақытсыз жағыдайларға ұшырауы туралы мәліметтермен қатар олардың өз уақытында емдік - сауыктыру шараларының талапқа сәйкес өтіп жатқандығын көрсететін, нақтылайтын мәліметердің болуы. Өндірістік мекемеге еңбек қауіпсіздігі туралы сертификат берген орган мекемеге жылына бір рет инспекциялық тексеру жүргізіп тұруы тиіс. Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша акт жасалады, онда іс - әрекеттердің шешімдері сақталуы тиіс. Егер сертификат еңбекті қоғау және қәуіпсіздік ережелерінің талаптарына сай болмаса ол жарамсыз деп табылып алынып тасталады. Мекеме сертификатының шығыны үлкен болмау керек. Өтемақы телемдері міндетті әлеуметгік сақтандыру тарифтерінің жеңілдіктері есебінен, кәсіптік аурулармен түрлі деңгейдегі жарақатгарға, бақытсыз жағдайларға ұшырағандарға төленеді. Кәсіптік сертификат алған мекемелердің тиісті деңгейге жеткен нәтиже талаптары 5 жылға дейін жарамды болып табылады, сонымен бірге жұмысшылардың еңбекке жарамсыздық уақыттары толық төленіп отыруы міндетті. 78
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==