Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Жергілікгі саиитарлық - эпидемиологиялық органдар жүмысшылардың тексерудеи өту - өтпеуін бақылауда ұстап отыру керек. Медициналық тексеру қорытындылары бойынша санитарлық - эпидемиологиялык органдармен бірге жұмыс беруші, кәсіподақ комитетімен бірге қарастырып тиісті үлгіде қорытынды акт жасайды. Егер жұмысшыларда кәсіптік аурудың белгілері анықталса ол арнайы диагностикалық тексеруден өтіп диагнозы қойылады. Өндірістік орындарда қауіпсіздік органдарының сақталуымен қатар жеке және ұжымдық қорғаныс есебінде жұмысшыларға, жұмыс беруші есебінен тегін сүт және емдік - сауықтыру яғни зиянды әсерлерге қарсы тұру мақсатында тамақ берілу керек. Бұл «Жұмысшыларға сүт және емдік - сауықтыру мақсатында тамақтанумен қамтамасыз ету» ережелерінде (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-ө бүйрығымен) негізделген. Жүмысшыларды емдік - профилактикалық сүт тағамдарымен уақтылы қамтамасыз cry ережелерінің орындалуына жүмыс беруші жауапты болады. Әрбір өндірістік мекемелерде денсаулық қорғау пункті жабдықталуы тиіс. Оның жүмыс режимі жұмыс обьектсінің уақытымен сәйкес болу керек. Онда алғашқы жәрдем көмек корсету шаралары және қажетті медикаментгер жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. 2.10. Ұйымдағы жүмыстарды ецбекті қоргау бойынша сертификаттау Еңбекті қорғауды сертификаттау бұл - еңбекті қоргау талаптарыиа сәйкес мемлекеттік нормативтік құжат. Ол мекеменің жай - күйін, ондағы тәртіпті еңбекті қорғау бойынша тиісті талаптарға сәйкестігін нақтылау үшін қажет. Мүнда басты ең маңызды Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қәуіпсіздікті қамтамасыз ету Министрлігінің сертификаты бойынша мекеменің зертханалық сынақтан өтуі белгіленеді. Мекеменің сертификаты маман эксперттердің қатысуымен ғылыми - әдістемелік орталықтарда нақты ретпен өтеді. Сертификат мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес деп табылуы тиіс: Процедураның сәйкестігін растау үшін: - мекемедегі еңбекті корғау талаптарымен қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жұмыс берушінің талаптарымен сәйкес болуынын қадағалануы; - еңбекті қорғау бойынша қызметтік іс - әрекеттердің бағалануы; - еңбек қәуіпсіздігін қамту нұсқаулықтары, білім тексеру нормалары және нұсқаулықтар өткізу, мекеме жұмысшыларын оқьпу сапасымен жалпы мекеменің тсксерілу нәтижелері; - өндірістегі зиянды және қауіпті әсерлерден жүмысшылардың қорғалуы, үжымдық және жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуін тексеру; 77
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==