Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Оныц алдын алу үшін жұмыс орнына экрандық құрылғылармен қамтамасыз ету керек. Лазерлік және оптикалық квантты генератор бұл - электромагнитті оптикалық диапозонды генератор. Өндірісте аса қажетті ерекшелігіне қарай өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Мұнда ұзақтығы жоғары толқындарды үздіксіз режимде шектеулі деңгеймен қолданады. Лазердің кору мүшесіне тигізер зияны жоғары, оның әсерінен адам соқыр болып қалуы да мүмкін. Лазермен жарақаттанудан алдын алу үшін өлшемді инженерлік техниканың жоспарлы түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету керек. Жүмысіпылар лазерден қорғану үшін арнайы көзілдіріктермен бетперде киюі тиіс. Мекемеде гигиеналық талаптар бойынша жұмыс орнына шағылысатын жарықтар орнатылуы тиіс: - жарықтың тегіс түсуі, көлеңкенің шектеулі болуы; - тура және шағылысатын жарықтың жарқырауының шектеулі болуы; - жарықтың лап етіп бірден түсуінен сақтану. Талаптар арнайы ережелер негізінде өлшеммен нұсқаулық нормаларын қатаң сақталуы тиіс. Жүмыс беруші жүмысшылармен еңбек келісімшартын жасаған кезде олардың медициналық тексеруден жиі өтіп түруға келісімін алу керек. Ондағы мақсат - жүмысшылардың кәсіптік ауруға ұшырап қалуының алдын алу, қауіпсіздік шарасын сақтау болып табылады. Жұмысшылардың медициналық тексеруден өтуі «Жүмысшылардың алдын ала жиі белгілі кезеңмен мециналық тексеруден өтуі, зиянды және қауіпті әсерлердің алдын алу және жүмысқа одан әрі жарамдылығын анықтау» (ҚР денсаулық сақтау агенттігінің 1999 жылғы 24 мамырдағы №278 бұйрығымен) және «Өндірістік факторлардың тізімі, міндетті және алды ала мерзімді жиі медициналық тексеруден өту міндеті, қауіпті және зиянды әсерлер туғызатын ендірістік кәсіптердің нүсқаулықтары» (ҚР денсаулық сақгау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы №123 бұйрығымен) негізделген. Жүмысшылардың медициналық тексерістен өтуі жұмыс беруші есебінен тегін болу керек. Медициналық комиссияныц шешімін алу үшін жұмысшылармен келісім шарт жасалады. Жумыс берушінің жауаптылыгының қарастырылуы: - жүмысшылардың дер кезінде медициналық тексеруден уақытында өтіп қаралып тұруына; - мерзімді медициналық тексеру мерзімінің сақталуына міндетті. Жұмысшылардың алдын - ала және кезеңдік медициналық тексеруден өтіп келуіне, өтпей жүргендерін, қалып қойғандарын қадағалауға міндетті. •> 76

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==