Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Резеңке материалдардан жасалған арнаулы киімдермен аяқ киімдер қараңғы жерде+5 тен 20С дейінгі бір - бірінен 50-70см ал жылу жүйесінен 1м қашықтықта тұруы керек. Сақгауға берілген жылы арнаулы киімдермен аяқ киімдер залалсыздандырылып, шан, кірден мұқият тазаланып, жөндеуден өткізіліп үнемі бақылауда тұруы тиіс. Қауіпті және зиянды жерде жұмыс жасайтын жүмысшылардың арнаулы киімдері (қорғасын еріту және қайта жалғау, сынап, этилдік бензин, радиактивті заттар) мемлекеттік органдардың нұсқауына сәйкес бақылауда болады. Мекеме әкімшілігі ЖҚҚ заттарын мерзімге сәйкес жиі - жиі сынақтан өткізіп тексеріп отыру керек. Тексеруден өткізген соң ЖҚҚ күрал - жабдықтарына белгі (штамп, клеймо) салынып келесі сынаққа дайын күйінде қалдыруы керек. 2.9. Кәсіптік аурулардыц алдын ал негіздері Өндірістегі жұмыс процессінің санитарлық - гигиеналық жағдайы, жұмыс кзіндегі әр - түрлі факторларға байланысты жасалады. Еңбек процессінде өндірістік ортадағы түрлі әсерлерінен жұмысшылардың денсаулығына, еңбекке жарамдылығына жайсыз эсер етуі - кэсіптік зияндар болып табылады. Кәсіптік ауру — қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды ендірістік факторлардың эсер етуінен туындаган созылмалы немесе қатты ауру. Мұндай жайсыз эсер ету факторлары жұмыс процессіндегі санитарлық - гигиеналық талаптардың дұрыс ұйымдастырылмауынан және өндірістік ортаның адамға кері эсер беріп жақпауынан да болады. Еңбек жагыдайына кері эсерлерді болгызатын факторлар үш топқа болінед:. - өндірістік процесстен; - ұйымдастырылган жұмыстың кемпіілігінен; - еңбек жағдайындағы санитарлык - гигиеналық жағдайлардың төмендігінен. Өндірістегі адам ағзасына байланысты зиянды жэне қауіпті эсерлер: - физикалық • - химиялық - биологиялық - психофизиологиялық деп бөлінеді. Өндірістегі физикалық зиянды эсерлер - жұмыс орнындағы ауаның газдануынан, шаңнан, өте төменгі температурадан, қысымнан сыз, дымқыл ауаның көп болуы, жұмыс орнында жарықтын жетіспеуінен, қатты шумен ызыңның көп болуы, ультра жэне инфра дыбыстармен толқындардың шектен тыс көп болуынан пайда болады. 73

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==