Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

2.8. Еңбек жагдайларына байланысты отсмақы төлемдері Жүмысшыларды жеке қорғану қүралдарымен қамтамасыз ету Жумыс беруші еңбек өнімділігін арттыру ушін зкумысшыларга қолайлы еңбек жагыдайын қамтамасыз етуге тиісті. Кейбір мундай жагдайларга жататындар ; - мекемедегі машиналармен құрылғылар жондеуге болатындай күйде болуы ксрек; - техникалық құрылғылармен қамтылған қажетті құжаттар қолжетімді жағдайда болуы керек; - жүмысқа қажетті материалдармен аспаптар жеткілікті түрде болып, өз уақытында жаңартылып отыру керек; - еңбек ету мүмкіндігі қауіпсіз әрі әкімшілік талаптарга сай болуы тиіс. Мемлекеттік жеңілдіктермен өтемақылық төлемдер заңға сай қаралып толық іске асырылып отыруы тиіс. Еңбекті қоргау талаптарына сәйкес жумысшыларга арналган жеңілдіктермен өтемақьиіык, төлемдер: - зиянды жағдайда еңбек етіп жатқан жүмысшыларға жүмыс уақыты қыскартылған түрде белгіленеді; - зиянды жағдайда еңбек етіп жатқан жұмысшыларға жылына бір немесе бірнеше рет қосымша демалыс беріледі; - зиянды жағдайда және лас жерлерде, температурасы өте жоғары жерде еңбек жасап жатқан жұмысшылар үшін мекеме есебінен тегін арнаулы киімдер беру қарастырылады; - цех, құрылыс, жөвдеу бөлімі жұмыскерлеріне және лас немесе зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмысіпылар үшін жекелей немесе топтық түрде емдік - сауықтыру мақсатында тегін тамақтану мүмкіндігі қарастырылады. Лас жерде жұмыс істейтін жұмысшыларға тегін сабын өлшемі белгіленген. Егер жұмыс барысында теріге зиянды әсерлік факторлар бар деп табылса май кетіретін, тазартатын заттар өлшеміде қарастырылады. Жүмысшыларға төленетін қосымша төлемдер өлшемін мекеме өзі шешеді, яғни ұжымдық келісім шартта (еңбекақы төлеу ережесі) белгілейді. «Өндірістік есеп және тізім бойынша цех, мамандар, лауазымдар, ауырлықпен жүмыс істейтін және зиянды (аса зиянды) немесе қауіпті жағдайда, сонымен бірге жұмыс ұзақтығын қысқартуға мәжбүр ететін, қосымша демалыс талап ететін жұмыс түрлеріне қатысты ережелермен нүсқаулықтар» (ҚР Еңбек және халыкты әлеуметгік қорғау минисгрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №182-ө бұйрығымен) және «Жүмысшыларға емдік-сауықтыру мақсатында жүмыс беруші есебінен сүт беру немесе тамақтану, арнайы киім, аяқ киім және басқада түрмыстық - санитарлық қүралдарды беру өлпіемдері туралы ережелері» (ҚР Еңбек және халықты 71

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==