Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Жоспардан тыс нұсқама: - қолданысқа еңбек қауіпсіздігі мсн еңбекті қорғау жөніндегі жаңа немесе қайта өңдеуден еткізілген нұсқаулықтар өткізілген кезде; - технологиялық үрдіс өзгертілген, жабдықтар, айлабұйымдар мен аспап, бастапқы шикізат, материалдар мен еңбек қауіпсіздігіне эсер ететін басқа да факторлар алмастырылған немесе жаңартылған кезде; - қызметкер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкелген немесе әкелуі мүмкін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзған кезде өткізіледі. Жоспардан тыс нүсқама жұмысшылардың тиісті талаптарды сақтамауыныц алдын алу мақсатымен қажеттілігіне қарай 30-60 күнде бір өткізіледі, мұны да журналға тіркеп отырады. Мацсатты нусқаліа — мақсатты нұсқама мамандық бойынша тікелей міндеттері-е байланысты емес бір жолғы жұмыстарды (жүк тиеу, жүк түсіру, аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізу, кэсіпорыннан, цехтан тыс бір жолғы жұмыстар және т.б.) орындаған кезде; аварияның, табиғи зілзала мен апаттардыц зардаптарын жою кезінде; оларға наряд - рүқсат, рұқсат және де басқа құжаттар рәсімделетін жұмыстар жүргізілген кезде өткізіледі. Мақсатты нүсқаманы өндірістегі жұмыстарды бастамас бүрын жетекші, бас мамандар өткізіп, қэуіпті жұмыс түрлеріне немесе ауысымды жүмыстарға арналған ереже түрінде тіркеп отырады. Жұмыстарды орындаудың қэуіпсіз тәсілдеріне оқытуда үздіксіздік, көп деңгейлілік сипат бар жэне өндіріс қәуіптілігінің дәрежесі және сипатына қарай өткізіледі. Белгілі бір кэсіп бойынша жұмыста үш жылдан көп үзілісі, еңбек қәуіпсіздігі бойынша қосымша (жоғары) талаптар қойылатын жұмыстар мен кәсіптерде бір жылдан астам үзілістері бар барлық жүмысшылар дербес жұмысы басталғанға дейін еңбек қәуіпсіздігіне оқытудан, білімдері жэне жұмыстың іс — тәжірибелік дағдылары тексерілуден қайгадан өткізілуі тиіс. Оқытылудан өткен барлық жүмысшылар қүрылымдық бөлімшеге келген кезде немесе бір құрылымдық бөлімшеден басқасына ауысқан кезде, сол құрылымдық бөлімшеде қосымша білімді талап егетін басқа жүмыс орнына ауысқан кезде жұмыс орнында ондірістік үрдістердің, пайдаланылатын жабдықтардыц, аспаптар мен айлабүйымдардың езіндік ерекіпеліктерімен, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз тәсілдерімен танысу, оларды одан кейін дербес жүмыс істеуге жіберу мақсагымен тағылымдамадан өтулері тиіс. Тағылымдама аяқталғаннан кейін жұмысшының кэсіп талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін комиссия тексеруден өткізеді. Еңбекті қорғау қызметі жұмысшыларды сол саладағы жаңа шыққан кітаптармен, кезекті баспасөзбен, зерттеу институттарының жаңалықтарымен жан - жақты хабардар етіп отыруы тиіс. Қажет болған жағыдайда шағын эпизодтық көрмелер ұйымдас гырып отыру керек. 70

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==