Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

I. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫҢ БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 1.1. Адамның еңбек қызметі V Еңбек — адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқута, өнерге және т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Еңбек - бұл ецбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл - ой, рухани қабілеттерін жұмсау аркылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл - ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтежиесінде метриалдық, рухани және санаткерлік құидылықтар жасалады. Әрбір адам қоғамдық өмір саласында өз қызмет міндеттерін орындау кезінде, үнемі әртүрлі қатынастармен кездеседі. Қызмет — бұл бір заттың пайда болу нәтежиесінде сыртқы ортаны және адамның өзін өзгертуге белсенділіктер түрі. Белсенді қызмет ілгері және адамгершілікті қоғамның негізін қалайды. Сол себепті қоғамдық өмірдің алуан түрлілігі қызметтің алуан түрлілігіне байланысты болады. Қызметтің кез келген түрі келесі кеіпендермен байланысты болады: - адамның (немесе субъектің) мақсаттарымен құндылықтары, білімдері және дағдыларымен; - міндеттердің орынды қызметтері; - осы процестін. міндетті нәтежиесінде субъектің қызметіне бағытгалған объектілер. Адамның барлық күпггі нәтежиелерімен және қызметтің өнімдерімен толықтырылады. Ортаның өркендеуіне бағытталған қызмет адамгершілік қызметте әлеуметтік қызмет сияқты еңбек қызметін ерекшелейді. Қызмеггің барлық түрлері адамды ерекшелейтін еңбек қабілетіне ие болады. Еңбек құралдарын қолдану адамгершілік қызметі болып табылады. Тек адамдар ғана қоршаған ортаға өз қызметін еңбек етуге арналған құралдармен және дене мүшелерінің көмегімен көрсетуге қабілетті. Еңбек құрамдары — бұл әртүрлі құрылым, адамның барлық бұлшық еттерінің (және де ақыл ойының) мүмкіндіктерін күшейтуге арналған. Қызмет түрлерінің әрқайсысына қойылған мақсатқа жету әдістеріне мақсаттар, құралдар және міндеттер мен талаптар қойылады. Сонымен қатар қызметтің бірде біреуі өзара байланысты болмайды, өйткені қоғамдық өмірдің барлық салаларында нақты жүйе қалыптасқан. 6

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==