Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Нұсқама үшін құқықтық база «Еңбекті қорғау және еңбек қауісіздігін сақтау бойынша әрсалалық мемлекеттік нормативтік ережелер» (2004 жылғы 11 қарашадағы №1182 ҚР Үкімег Қаулысында) және «Жұмыс берушінің еңбекті қорғау және еңбек қәуіпсіздігі бойынша нұсқамаларын бекіту туралы ережелері» (ҚР Ецбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №157-ө бұйрығының) негізінде сәйкестендіріліп қарастырылады. 2.7. Еңбекті қоргау бойынша бойынша оқытуды үйымдастыру, жұмысшылардың білімімен біліктілігін тексеру талаптары Мекеменің барлық жұмысшыларымен оның басшылары еңбекті қорғау және еңбек қәуіпсіздігі бойынша білімін көтеріп отыру керек. Бұл туралы «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша білімін арттыру, нүсқама беру және оқудан оту туралы ережелер» (ҚР Еңбек және халыкты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы №205-ө бұйрығында) қарастырылған. Барлық жұмысқа кірген немссе басқа жұмысқа ауыстырылған жүмысшыларға жұмыс беруші нұсқама беріп (жұмыстың орындалу барысында қауіпсіздік шараларын, жарақат алған кездегі алғашқы көмек беру туралы) білімімен біліктіпігін артырып отыруы тиіс. Зиянды және өмірге қауіпті жағдайда еңбек стіп жатқан жұмысшылардың еңбегін қорғау заңына сәйкес жұмыс беруші, қауіпсіздік әдістері бойынша оқытып даярлаудан өткізіп емтихан тапсыртады, жұмыс барысында қауіисіздік шаралары бойынша жиі оқуға жіберіп білімін көтеріп отырады. Білім көтеу түрлері жұмысшылар үшін - мемлекеттік кәсіби жоғары білімнен кейін, кәсіптік арнаулы білімнен кейін, жалпы орта білімнен кейін деп бөліп арнайы оқу түрлерімен курстарда білімдерін арттырып отыруға құқылы. Қазіргі кездегі өндірістік әдістер - кәсіптік тәжірибеден өтуде тек мамандық қана емес нүскаулықтарды меңгертудіде толық камтиды. Мекеме басшыларының міндеті: Жүмысшылармен мамандарға қауіпсіздікті сақтау шараларын толық көрсету, өндірістегі санитарлық және гигиеналық әдістерді, техникалық қауіпсіздік ережелерімен нормаларды, инженерлік - техникалық деңгейде толық бағдарлама жасап, оны оқу бағдарламасына қосып ұжымның мамандық білімін жоғары деңгейге кетеруі тиіс. Техника қауіпсіздігі жөнінен нұсқамаларды жүмыс орнында бірнеше ауысымда өткізігі түру керек. Білім котерудің қайталануы түрлі саланы толық қарастырып тиісті мерзімдс қамтуы тиіс Жүмысшыларды қажетті нүсқамалардан өтпестен баска бөлімге ауыстыруға болмайды. 67
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==