Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- жұмыс аяқталар кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Қажет болған жағыдайда нұсқамаларға қосымпіа бөлімдер қосуға болады. Жүмысшыларга берілетін нұсқамалар «Жұмыс берушінің жүмысшыларға арналған еңбекті қорғау бойынша бекітетін нұсқаулықтарының ережелері» (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №157-ө) бұйрығының негізінде жасалған. Жұмысшылар үшін нұсқамаларды цех, бөлім, лаборотория жетекшілері жасайды. Еңбекті қорғау қызметі мекемені үнемі бақылап, тексеріс жасап отырады, сонымен бірге жұмысшыларға әдістемелік көмек беріп, қажетті нұсқамалардан басқа да нормативтік актілер жасап комек беріп отырады. Еңбекті қорғау туралы нормативтік актілердің талаптарын нұсқамалармен бірге жұмысшыларға жұмыс орындарына әкеліп беріледі. Нұсқаманы мекеме басшысы бекітеді, әрбір нүсқамаға атау беріледі және нөмірленеді. Атауында қай мамандық үшін, қандай жұмыс түріне арналғаны толықжазылып көрсетілуі керек. Нұсқамадағы сөздер (міндетті, ерекше, қатал, сөзсіз орыидалу керек деген сияқты бүйрық ретінде сөздер болмау керек) барлық жұмысшыларға ортақ орындалуы тиіс талаптар түрінде беріледі. Сөздің ауыстырылып қолданылуы қысқарған түрде (аббревиатура) түрінде жазылады. Нүсқамаларды тексеру, жаңалау жұмыс түріне, мамаидықтарға қарай қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсагында 3 жылда бір рет болып түрады. Нұскамаларға ұйым бөлімі бақылау жасап отырады, ал ұйым жетекшілері, уақтылы тексеріп қадағалап отырулары керек. Жүмысшылар үшін нұсқаулық мынадай жағдайларда қайта қарастырылады. - түрлі нұскамаларды қайта жасағанда; - жұмыс талаптарымен технологиялық үрдіске өзгеріс енгізілгенде. Сондай - ақ мекемеде жаңа құрылғы қолданысқа енгізілгенде карастырылады. Бөліміпе жетекшілері барлық жүмысшыларды нұсқамамен толық қамтамасыз ету керек. Олардың өздерінде нүсқамалардың негізгі сызбасы мекеме басшысыныц бекіткен түрінде сақталып тұрады. Әрбір бөлімше жетекшісінде (мастер, прораб) нұсқаманың барлық түрлері кешенді болу керек. Нұсқамалар жүмысшыларға қолхат немесе жеке карточка түрінде таратылады. Нұсқаманы жұмысшыларға үйрету жетекшілерге жүктеледі. Бұл талаптар орындалмай аякасты болып жатқан жағдайда тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады. 66
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==